23.04.2021, 21:50 17397

ҚДКБҚ: Qazaq Banki салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі ұзартылды

Қордың кепілдік берілген өтемді алмаған салымшылар алдындағы міндеттемелерінің қалдық сомасы шамамен 160 млн теңгені құрайды.
НҰР-СҰЛТАН. 23 СӘУІР - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына агент банк - ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ арқылы кепілдік берілген өтем төлеу мерзімі соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қор "Qazaq Banki" АҚ алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 99 пайызын орындады. 2021 жылдың 16 сәуіріне дейін қалыптасқан жағдай бойынша аталмыш банктің салымшылары агент банк арқылы 20,4 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем сомасын алды. Бұл ретте өтем алуға шамамен 6 мың адам немесе салымшылардың жалпы санының 33 пайызы өтініш берген.
 
Қордың кепілдік берілген өтемді алмаған салымшылар алдындағы міндеттемелерінің қалдық сомасы шамамен 160 млн теңгені құрайды.
 
 "Qazaq Banki" АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтінішпен агент банктің бөлімшелеріне жүгінуге құқылы. Бұл үшін www.vtb-bank.kz сайты немесе 5050 қысқа нөмірі бойынша (ұялы телефон арқылы тегін) анықтама қызметінен филиалдардың жұмыс кестесі туралы алдын ала біліп алуға болады.
 
Еске саламыз, "Qazaq Banki" АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карточкалық шоттарында ақшалары бар салымшылар (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) кепілдік берілген өтемді алуға өтініш бере алады. 
 
Кепілдік мөлшері: - ұлттық валютадағы қаражаттар бойынша – 10 млн теңгеден; - шетел валютасындағы қаражаттар бойынша – 5 млн теңгеден аспайды.
 
Салымшыда түрі мен валютасына қарай бірнеше депозит болған жағдайда, кепілдік берілген жиынтық өтем, әрбір депозит түрі бойынша шекті мөлшерді ескере отырып, 15 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.
 
Барлық төлемдер тек теңгеде жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтем ақша банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні – 2018 жылғы 12 желтоқсанда белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша есептеледі.
 
Төлем сомасын есептеуге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар "Qazaq Banki" АҚ тарату комиссиясына мына мекенжайлар бойынша жүгінулері қажет:
 
- Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38/61, "Жетісу" БО, 4 қабат (Мақатаев көш. бұрышы), телефон: +7 (727) 380-39-51;
 
- Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Ғабдуллин көшесі, 18, ВП-3, "Е" блогы, телефон: +7 (717) 255-93-17(ішкі н. 11035).
 
 "Qazaq Banki" АҚ салымшылары депозиттер бойынша кепілдік беру мәселелері және өтем төлеу тәртібі бойынша Қордың байланыс орталығына 1460 қысқа нөмірі арқылы тегін хабарласа алады. Сондай-ақ [email protected] электрондық поштасы, www.kdif.kz сайты немесе @kdif_ask Телеграм-чаты арқылы сауал жолдауларына болады. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны