06.12.2022, 13:17 16226

ҚДКБҚ теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтерді

Депозиттік мөлшерлемелер 2022 жылдың 6 желтоқсанынан бастап күшіне енеді
ҚДКБҚ теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтерді
Сурет: Depositphotos
Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтарына арналған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады, деп хабарлайды ҚДКБҚ АҚ баспасөз қызметі.
 
Шекті мөлшерлемелердің жаңа мөлшері ағымдағы жылдың 6 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
ҚДКБҚ екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді дербес түрде қабылдайтынын атап өтті.

 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75%-ға дейін көтерді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны