23.01.2023, 10:16 10976
Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін артты
Астана. 23 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 883,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға - 2 022,6 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
2022 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 247,4 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге - 75,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге - 172 млрд теңге бөлінді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 295 мың адам. 2023 жылдың 1 қаңтарында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 74 950 теңге, базалық зейнетақы - 33 811 теңге", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ынтымақты зейнетақылардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2% артып көтерілуге кепілдік беріледі, бұл 2014 жылы қабылданған зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес келеді.
"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5%-ға артты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі мөлшердің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-ға дейін ұлғаюына байланысты арттырылды.
Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін артты.
Естеріңізге сала кетейік, зейнеткерлікке шыққан қазақстандық академиктерге өмір бойы шәкіртақы төленетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.11.2024, 18:25 2476
Елімізде 2,8 мың шақырым жол жөнделіп, 143 жолаушы вагоны жаңартылды
Достарға айту
Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тасымалдау қарқыны мен инфрақұрылымдық жобалар туралы көлік министрі Марат Қарабаев, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады
Министрліктің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жүк тасымалының көлемі 3,5%-ға артып, 263 млн 400 мың тоннаны құрады. Ішкі тасымалдар 10,8%-ға өсіп отыр - 156,2 млн тонна. Ал транзиттік жүк тасымалының көлемі өткен жылдың деңгейінде, яғни 22 млн 400 мың тонна.
Көлік-логистика саласын дамыту бойынша Президент тапсырмасын іске асыру аясында елде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Былтырдан бері 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары жалғасуда. "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың мәліметінше, биыл 185 локомотив пен 143 жолаушылар вагоны сатып алынған. 2028 жылы жолаушылар вагондарының паркі 3 мыңнан астам бірлікке жетіп, елдің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.
Премьер-министр саланы жаңғырту бойынша күш-жігерді арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. Әсіресе, теміржол вокзалдары мен станциялардың инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек - қазіргі уақытта олардың шамамен 90%-ы жөндеуді қажет етеді.
Мемлекет басшысы Қазақстанды толыққанды көлік-логистикалық хабқа айналдыру бағытында нақты міндеттер қойды. Бұл ретте теміржол саласының даму әлеуеті жоғары екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ ол ішкі және транзиттік жүк тасымалын арттыруда шешуші рөл атқарып отыр. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін біз қолданыстағы темір жолдар мен логистикалық орталықтарды жаңғыртып, жаңаларын салып жатырмыз. Сондай-ақ вагон паркін жаңарту жұмыстары да тұрақты жүруде. Бұл еліміздің көлік жүйесінің тиімділігін және оның өткізу қабілетін барынша ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2029 жылға қарай транзиттік тасымал көлемі 28 млн тоннадан 45 млн тоннаға дейін, ал транзит жиырма футтық баламадағы 2 млн контейнерге дейін өседі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Халықаралық көлік дәліздеріндегі қазақстандық бағыттардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Премьер-министр шекарадағы мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсету үшін барлық рәсімдерді аяқтауды тапсырды - қазіргі уақытта салық жүйесі мен теміржолдың ақпараттық жүйелері интеграцияланды.
Көлік министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеп, қаржыландыру көздерін анықтау тапсырылды. Сонымен қатар вагондарды жаңартуда қиындықтарға кезігіп отырған жеке тасымалдаушыларды қолдау шараларын әзірлеу қажет.
Бұдан бөлек, Үкімет басшысы теміржол жүктерін ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту және теңіз тасымалының әлеуетін арттыру үшін Ақтау портының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Көлік министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" компаниясына 2025 жылы контейнерлік хаб салып, Ақтау портының түбін тереңдету жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 13:27 14216
Қазақстанда битум өндірісі бойынша жаңа жобалар жоспарлануда
Достарға айту
Қазақстанда битум өндірісі бойынша жаңа жобалар жоспарлануда, деп мәлім етті Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында жасаған баяндамада.
Ішкі нарықты отандық битуммен қамтамасыз етудің маңыздылығын Мемлекет басшысы атап өтті.
Бүгінгі таңда зауыттардың ағымдағы қуаты 1,2 млн.тоннаны құрайды, бұл ішкі нарық қажеттілігінің барлық көлемін қамтиды.
Сонымен қатар битум өндірісін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыра отырып, "CaspiBitum" қуатын арттыру жобасы іске асырылуда. Аяқталуы - 2025 жылдың 1-ші тоқсаны.
Осылайша, жол құрылысы саласына жылына 1 миллион тонна битум қажет болса:
- қазақстандық битум өндірісінің қуаттылығы жылына 1,45 млн тоннаға жетеді;
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы индикативтік теңгерім шеңберінде ресейлік битум импорты - жылына 0,5 млн. тонна;
Сонымен қатар, битум шығаратын 2 жаңа зауыт салу мәселесі қарастырылуда:
- 2026 жылы Ақтөбеде Qazaq Bitum 700 мың тонна/жыл;
- 2030 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында 770 мың тонна/жыл.
Демек, 2032 жылы битум өндірудің жалпы қуаты жылына 2,5 млн тоннаны құрайды (Caspi Bitum - 0,75, Qazaq Bitum - 0,7, Шымкент МӨЗ - 0,77 және Павлодар МӨЗ - 0,3 млн тонна).
Ішкі нарықта профицит болған кезде қазақстандық битумды экспорттау мәселесін пысықтау қажет.
Сондай-ақ, өткен жылы біз Мәжіліс депутаттарына битумды ішкі нарыққа жеткізу кезінде өнімсіз делдалдарды алып тастау бойынша ұсыныстармен жүгінгенімізді атап өткім келеді (тікелей МӨЗ-ден жол-құрылыс компанияларына дейін немесе ең көбі 1-ші көтерме жеткізуші арқылы).
Бұл тәсіл мұнай, бензин және дизельдік отын мысалында 2023 жылдың қаңтарынан бастап сәтті жұмыс істеп келеді.
Егер қолдау білдірсеңіз, жақын арада "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңға тиісті өзгерістерді қабылдауға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 12:19 14906
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр
Достарға айту
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр, деп мәлім етті Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Мұнай-газ кешенінде елдің дамуында республика бойынша мұнай өндірудің 65%-ды құрайтын үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады. Жобаларға жалпы тікелей инвестициялар игеру басталғаннан бері шамамен $185 млрд құрады. Болжам бойынша 2026 жылдан бастап ірі жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндірудің жыл сайынғы көрсеткіштері 100 млн.тоннадан астам көлемде күтілуде", деп мәлім етті министр.
Теңізшевройл мұнай өндірудің жылына 12 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ететін Болашақ кеңейту жобасын іске асыруда.
Қарашығанақта 5-ші компрессор бойынша жұмыстар аяқталды, шикі газды кері айдаудың 6-шы компрессорын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өндіру сөресін жылына 11-12 млн.тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кен орнында қуаттылығы 4 млрд.м3 газды құрайтын газ өңдеу зауытын (бұдан әрі - ГӨЗ) салу жобасы іске асырылуда. Аяқталу мерзімі - 2028 жылдың соңы.
Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд. м3 ГӨЗ құрылысы жүргізілуде, ол 2026 жылдан бастап мұнай өндіруді 1 млн.тоннаға ұлғайтуды көздейді.
Бұдан басқа, 2029 жылы қуаттылығы жылына 2,5 млрд.м3 ГӨЗ салу есебінен мұнай өндіру деңгейінің 2 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Жалпы алғанда, үш ірі жобада мұнай өндіру республика бойынша барлық мұнай өндірудің 70%-ды құрайтын болады, оған шамамен $17 млрд инвестицияланады.
Сонымен қатар, жер қойнауының перспективалы учаскелері бойынша геологиялық барлауға 2030 жылға дейін $5 млрд инвестиция салынады, бұл 2040 жылға қарай 11 млн.тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, мұнай өндіруге салынған инвестициялар 2030 жылға қарай ірі кен орындарында шамамен $21 млрд құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 12:10 37371
Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі "төмен" болып қала береді
Достарға айту
Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі "төмен" болып қала береді. Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына жауап берді.
Вице-премьер өз сөзінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және халықаралық рейтинг агенттіктері жыл сайын Қазақстанның экономика даму деңгейі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын айтты.
Халықаралық кредиттік рейтингтерде болған соңғы өзгерістер еліміздің фискалдық, қаржылық тұрақтылығын айғақтайды. Бізде Ұлттық қор түріндегі қомақты валюталық резервтер және алтын-валюта резервтері бар. Олардың көлемі қазірдің өзінде 100 млрд доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық қауіпсіздік жастығы болып табылады. Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда мемлекеттік қарыз, тұтастай алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-нан аспауы керектігі жөнінде шектеулер жазылған. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 23%-дықұрап отыр, яғни бұл мемлекеттік қарыздың көлемі бойынша жеткілікті қауіпсіз әрі қолайлы деңгейдеекенімізді білдіреді".
Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров бұл қарызды инвестиция ретінде қарастыру керектігін, осы инвестицияларды тарту арқылы жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін активтерді жасайтындығымызды атап өтті.
Біз жол саламыз, инфрақұрылымға инвестиция саламыз, жаңа өндірісті іске қосамыз. Бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, болашақта экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырады"
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 12:22 47316
Қазақстан мен Мажарстан инвестиция көлемі 5 540 млн астам бірлескен жобаларды іске асыруда
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Будапештке алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.
Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық. Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 миллион долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар. Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 миллион доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан жаңа саяси және экономикалық парадигмаға бет бұрғанын айтты. Білім мен инновацияны ту еткен өзгерістер бұл үдерістің басты қағидатына айналады.
Президент Мажарстан бизнесмендеріне энергетика, сирек кездесетін материалдарды өндіру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, цифрландыру, қаржы нарығы секілді маңызды салаларда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі зор екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мажар компанияларының басшыларын келесі жылы мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Инвестициялық дөңгелек үстел барысында Мажарстанның Қаржы министрі, Қазақ-мажар экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Михай Варга мен ірі компаниялардың жетекшілері сөз сөйледі.
Жиын қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын цифрландыру, білім салаларына және бірлескен инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты 7 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:27 52901
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5% - ға өсті
Достарға айту
Жылдық инфляция тамыздағы 8,6% - дан қыркүйектегі 8,3% - ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7% - ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6% - ға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8% - ға дейін, 2025 жылы-6,5 - 7,5% - ға дейін төмендейді деп күтілуде", - деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22% - ға 292 мың теңгеге дейін өсті (ҚР-9,2% - ға 201,1 мың теңгеге дейін). Шын мәнісінде өсім 11,6% -ды құрады (ҚР-0,3% - ға).
Орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды (республика бойынша - 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5% - ға, нақты мәнде 5,7% - ға өсті.
2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9% - ы тұрақты.
Сондай-ақ Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1% өсіммен 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 8% -ды құрады және 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы, 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеге дейін, 2025 жылы - 2,35 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 15:47 59411
Ұлттық компаниялар валюталық кірістің 50% Ұлттық Банкке сататын болады
Достарға айту
Ұлттық компаниялар валюталық кірістің 50% Ұлттық Банкке сататын болады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Соңғы уақытта ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығы теңгенің әлсіреуіне алып келді.
Сыртқы сектордағы жағдай әлі де күрделі болып отыр. Бұл жоғары құбылмалылық пен жаһандық экономикалық тәуекелдердің сақталуымен байланысты. АҚШ доллары дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды. DXY индексі қыркүйек айынан бері 5,5%-ға артып, 106,2 тармаққа дейін жетті. ЕМ валюталарының индексі қыркүйек айының соңынан 4,1%-ға төмендеді.
Мұнай нарығында да пессимистік көңіл-күй байқалып отыр. Бұл әлемдік сұраныстың баяу қалпына келуі мен ОПЕК+ тарапынан ұсыныстың өсуі күтілуіне байланысты. Соның нәтижесінде мұнай бағасы барреліне 71-72 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеді.
Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және валюта нарығында, оның ішінде квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың шектелуі байқалады.
Шетел валютасына сұраныстың өсуі жалпы экономикалық белсенділіктің, оның ішінде сыртқы экономикалық белсенділіктің артуына байланысты. Сондай-ақ, оған бюджет шығыстарының артуы мен квазимемлекеттік компаниялардың инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға шығындарының ұлғаюы сеп болып отыр. Осы фактордың барлығы жиынтығында импорттың өсуіне, сәйкесінше, шетел валютасына сұраныстың артуына ықпал етеді.
Валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің бұзылуы инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізіп, инвестициялық жобалардың қымбаттауына және жалпы инфляциялық қысымның артуына алып келеді. Осыған байланысты валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы мен Ұлттық Банктің бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданады.
Бұған дейін бұл талап 2023 жылдың тамызына дейін қолданыста болған, алайда макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты уақытша тоқтатылған еді. Сонымен бірге, бұл талап шоктарды бәсеңдету үшін жедел қолдануға болатын тиімді құрал болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 15:18 59681
Қазақстан көлік желісін ірі жаңғыртуды іске қосады
Достарға айту
Қазақстан алдағы жылдары тасымалдау көлемінің айтарлықтай ұлғаюын күтуде. Болжам бойынша, экспорттық теміржол тасымалының көлемі 130 млн тоннаға дейін, автомобиль транзиті - 6 есе артады. Президенттің инфрақұрылымды жаңғырту және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады.
Еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның 5 теміржол және 8 автомобиль дәліздері. Инфрақұрылымдағы "кедергілерді" жою бойынша шаралар қабылдануда. Оның ішінде жеткізудің жаңа бағыттары пысықталып, жүктердің жедел өтуі үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. ТХКБ бағыты бойынша, сондай-ақ "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізі бойынша тасымалдаудың оң динамикасы байқалады. 2030 жылға қарай оның өткізу мүмкіндігі 20 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде.
2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта "Достық" стансасының өткізу мүмкіндігін жылына 35 млн тоннаға дейін арттыруға, Алматы стансасы арқылы жүк өткізу уақытын қысқартуға, Сарыағаш стансасын босатуға және Қытай бағытына қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк өткізу қуатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тасымалдардың үздіксіздігін және магистральдық теміржолдардың қуатын арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2,8 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды. Бұдан бөлек, Құрық теңіз порты арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша шаралар қабылдаудамыз. Құрық портында астық терминалын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлесіп, "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының құрылысын жүзеге асыру қолға алынды. Нәтижесінде, Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі жылына 30 млн тоннаға дейін артатын болады", - деп мәлімдеді вице-министр.
2027 жылға дейін 12 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау жоспарлануда, оның 7 мың шақырымы 2024 жылы аяқталады, оның ішінде төрт негізгі автодәліз қайта жаңартылады.
Сондай-ақ өткізу пунктері жаңғыртылатын болады. 2029 жылға дейін 36 өткізу пунктін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған, 2025 жылы алты пунктте жөндеу жұмыстары басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.11.2024, 18:02Қазақстан президенті Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады 26.11.2024, 18:05 11316Биыл Қазақстанда 2 млн гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды26.11.2024, 18:14 110262025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі26.11.2024, 18:18 10806Әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құру жүктелді26.11.2024, 18:28 10346Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды
22.11.2024, 14:04 131696Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 131496Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 106396Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 97651Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 97581Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 131696Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 131496Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 115446Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113691Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107851Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды