11.06.2021, 22:32 14569

ҰЭМ: бөлшек салық режиміне көшудің арқасында бизнес 18 млрд теңгені үнемдейді

НҰР-СҰЛТАН. 11 МАУСЫМ - ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2000 салық төлеушінің бөлшек салық режіміне көшуі туралы болжамға түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салық режімі енгізілді. Қызмет түрлерінің тізбесі ақпанда бекітілді. Сондай-ақ режімді қолдануға өтініш нысанын дайындау қажет болды. Осыған байланысты режім наурыздан бастап қолданыла бастады. Яғни, режім іс жүзінде тек 3 ай жұмыс істейді. Осы кезеңде 334 салық төлеуші тіркелді. 2000-нан астам салық төлеушінің режімге көшуі жөніндегі болжам 2 жылға жасалды (2021-2022 жылдар). Режімнің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. Салық төлеушілер санының өсуі күтілуде", - деді Жақсылықов.

 
Оның айтуынша, қоғамдық тамақтану саласындағы 115 субъектіге осы режім қолданылады.
 

6% мөлшеріндегі мөлшерлеме ҚҚС және әлеуметтік салық бойынша салық жүктемесі болмайтындықтан тартымды болады. Режім айналымы ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асатын (30 мың АЕК – 87 млн.теңге) адамдар үшін тиімді. Режімге өткеннен кейін олар ҚҚС төлемейді. Салық шегерімдер мен түзетулерді қолданылмай, қарапайым тәсілмен есептеледі. 3% мөлшеріндегі қолданыстағы мөлшерлеме ҚҚС-ты алмастырады. Мөлшерлеме шағын бизнес субъектілерінің табысы салығынан үш жыл босатуды ескере отырып айқындалған. Мұндай мөлшерлеме олардың режімге өтуін тиімді етеді. 2023 жылы босату мерзімі аяқталады. Қолданыстағы мөлшерлемеге шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация режімінің 3% мөлшеріндегі салық мөлшерлемесі қосылды", - деді вице-министр.

 
Ол қоғамдық тамақтандыру саласында салық төлеушілер санын арттыру бойынша есептер жүргізілмегенін атап өтті. Режімнің мақсаты бұл емес. Режімнің негізгі міндеті – осы саланы қолдау, айналымдарды көлеңкеден шығару және осы саладағы еңбек қатынастарын заңдастыру.
 

Біздің болжамымыз бойынша, 2023-2024 жылдары бизнес 18 млрд теңге үнемдейді", - деді Жақсылықов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны