25.07.2022, 15:37 8281

Халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникалар утилизациялық алымнан босатылды

"Жасыл даму" АҚ халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасының болуын тексеруді техника иесінің қатысуынсыз уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асыратын болады.
Халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникалар утилизациялық алымнан босатылды
НҰР-СҰЛТАН. 25 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Үкіметі 18 шілдедегі қаулыны қабылдады, онда кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатты беру тәртібі бойынша өзгерістер халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникаларға қатысты "0" коэффициентін қолдану қарастырылған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Жасыл даму" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"0" коэффициентін қолдану үшін халықаралық тасымалдарға қатысушылар мен ершікті тартқыштарды аталған бағытта пайдалануды жоспарланған өндірушілер және (немесе) импорттаушылар, recycle.kz сайтына кіріп, жеке кабинетінде өтінім беруі қажет. Ол жерде ершікті тартқыш халықаралық тасымалдарға қатысатынын көрсетіп, кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат (кәдеге жарату төлемін енгізгендігі туралы куәлік) жүктеледі. Оның мөлшері 0 (нөл) теңге", - деп хабарлайды "Жасыл даму" АҚ баспасөз қызметі.

 
Ведомствода кәдеге жарату төлемін енгізгендігі туралы куәлік алған күннен бастап 3 ай ішінде ершікті тартқыштың иесі көлік құралын тіркеу есебіне қоюға және халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасын алу үшін уәкілетті органдарға жүгінуі қажет екенін түсіндірді. "Жасыл даму" АҚ халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасының болуын тексеруді техника иесінің қатысуынсыз уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асыратын болады.
 

Аталған түзетулер ҚР Үкімет Қаулысы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Бүгінгі таңда, "Жасыл даму" АҚ қажетті техникалық және ұйымдастыру шараларын жүргізді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны