02.02.2023, 09:50 57331

ҚХР-дан жүктерді тиеу жөніндегі оператор қызметтердің бағасын монополиялық түрде көтерді

Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құрады
ҚХР-дан жүктерді тиеу жөніндегі оператор қызметтердің бағасын монополиялық түрде көтерді
Сурет: Depositphotos
Қонаев. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "Eurotransit Nur Zholy" ЖШС Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚМА-да айтылғандай, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан.

Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құрады.

Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті", - деп қосты баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды әуежайынан авиаотын бағасын көтергені үшін 80 млн теңгеден астам қаржы өндірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны