13.03.2025, 15:06 3811
Қазақстанда лифттерді ауыстыру үшін тұрғындарға бюджеттік кредиттер беріледі
Достарға айту
2024 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Кеден одағының "Лифттердің қауіпсіздігі" техникалық регламентіне (КО ТР 011/2011) өзгерістер енгізді. Жаңартылған талаптарға сәйкес, бұл регламент күшіне енгенге дейін пайдалануға берілген және 25 жылдан астам қызмет еткен лифттер 2025 жылы міндетті түрде ауыстыруға жатады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, лифт кондоминиум нысанының ортақ мүлкінің бір бөлігі болып табылады. Оны ауыстыру туралы шешімді пәтер иелері жалпы жиналыста көпшілік дауыспен - жалпы санның кемінде 51%-ы қабылдайды.
Лифт жабдықтарын жаңарту және тұрғын үй қорын сақтау мақсатында қаржылай қолдау шаралары қарастырылған. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеу қағидалары аясында өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 7 жылға 0,1% мөлшерлемемен бюджеттік несиелер беріледі. Бұл қаражат көппәтерлі тұрғын үйлерді, соның ішінде лифт жабдықтарын жөндеу мен ауыстыруға жұмсалады, ал пәтер иелері қаражатты 7-15 жыл ішінде қайтаруы тиіс.
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанның тұрғын үй қорында 34 811 лифт бар. Олардың 4 877-і 25 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді және ауыстыруды қажет етеді. Техникалық қызмет көрсету аясында 3 271 лифт күрделі жөндеуді қажет етеді.
2019 жылдан бері жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 728 лифт ауыстырылды. Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында лифт жабдықтарын жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Тұрғын үй иелері мен ПИК өкілдерін жиналыстарға белсенді қатысуға және белгіленген мерзімде лифт жабдықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.03.2025, 17:41 1166
Астанада ауыр салмақтағы жүк көліктердің қозғалысына бақылау күшейді
Достарға айту
Астанада жол қауіпсіздігін арттыру және жолдың зақымдануын болдырмау үшін ауыр жүк көліктерінің қозғалысына күшейтілген бақылау енгізілуде. Бұл шараларды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті қала әкімдігімен және полиция органдарымен бірлесіп орындап жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бақылау жылжымалы көліктік бақылау бекеттері арқылы, сондай-ақ автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларының көмегімен қаланың негізгі кіреберістері мен шығыстарында жүргізілетін болады. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады, оның мөлшері заң бұзудың ауырлығына байланысты болады.
2025 жылдың 23 наурызы мен 1 мамыры аралығында республикалық маңызы бар жолдармен жүретін көліктерге де осьтік жүктемелерге қатысты қосымша шектеулер енгізіледі.
Наурыздың 6-сы күні қала әкімдігінде жиын өтіп, жергілікті полиция қызметі мен көліктік бақылау инспекцияларын тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды. 7 наурыздан бастап елордада алты жылжымалы пост, сондай-ақ көлік инспекторларының күшейтілген тобы жұмыс істейді. Қазірдің өзінде 94 көлік тексеріліп, жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам сомаға 54 әкімшілік хаттама толтырылған.
Заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында салмағы рұқсат етілген нормалардан асатын жүктерді самосвалдармен тасымалдауға тыйым салынады.
Елорда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыр салмақты көліктерді бақылау жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 17:38 1386
Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өңірлердегі гидрометеорологиялық жағдай туралы баяндады. "Tasqyn" жүйесіндегі су тасқыны жағдайын моделдеу нәтижелері туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, су нысандарының жағдайы туралы - су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ықтимал су тасқынына қарсы жедел әрекет етуге күштер мен құралдардың дайындығы туралы - төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов баяндама жасады. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының әкімдері өңірлерде елді мекендерді су басудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
13 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің қар басып жатқан аумағы 67%-ды құрайды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қазірдің өзінде қар ери бастағанын айтты. Бұл ретте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тоңның қалың болуы байқалып отыр. Қостанай облысында 150 см-ге дейін және одан да көп, Ақмола облысында - 139 см-ге дейін, Павлодар облысында - 159 см-ге дейін, Қарағанды облысында -132 см-ге дейін тоң бар. Болжамдарға сәйкес, наурыз және сәуір айлары жылы болады деп күтілуде, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады, бұл су тасқыны қаупін арттырады.
Қазгидромет" биыл алғаш рет әрбір өңір бойынша су шығынының ең жоғары деңгейін, гидрологиялық бекеттер бойынша ағын көлемін көрсететін және қауіпті аймақтағы елді мекендерді анықтай отырып, егжей-тегжейлі ақпарат берді. Көктемгі су тасқынын тудыратын факторларға жүргізілген талдау су басу қаупі бар аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Тасқын қаупі жоғары аймаққа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Абай, Ұлытау облыстары; қауіп деңгейі орташа аймаққа - Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары жатады.
Су басу қаупін азайту мақсатында уәкілетті органдар Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар елді мекендерін аралап, шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
Қазіргі уақытта ТЖМ құрамында 37 мыңнан астам адам, 13 мың бірлік техника, 4 мыңнан астам су айдау қондырғысы және 640 бірлік жүзу құралы бар азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын топтастыру орындары белгіленді. ТЖМ әуе кемелері - тәулік бойы кезекшілікте. Сонымен қатар жалпы саны 1 мыңға жуық қызметкер, 120 бірлік түрлі мақсаттағы техника, 123 су айдау және 39 бірлік жүзу құралы бар ТЖМ күштері мен құралдарының резерві дайындалды.
Мемлекет басшысы су тасқынының алдын алу шараларына басымдық беруді тапсырды. Үкімет су тасқынының алдын алу және кері әсерін жоюға бағытталған ұйымдастырушылық-профилактикалық, инженерлік-техникалық және жедел шаралар қабылдауда. Дегенмен, аймақтардың дайындығы жоғары деңгейде болуы керек. Әкімдіктер елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін кешенді шаралар қабылдауы тиіс. Олардың айналасын топырақ үйінділерімен бекітіп, бірінші кезекте сырттан келетін суды бөгеу керек. Су өткізу құрылыстары, көпірлер мен тюбингтер қатып қалған мұз бен қоқыстардан тазартылып, қарғын суды өткізіп жіберуге дайын болуы тиіс. Өзен арналарын тазартып, бекіту қажет. Дала өзендерінің бітелуге айналған жерлерін кеңейту керек. Су басу қаупі жоғары елді мекендерде күштер мен құралдарды, оның ішінде тиісті техниканы дайындау қажет. Эвакуация орындарын анықтаңыздар. Олар тіршілікке қажетті барлық құралдармен жабдықталуға тиіс", - деп атап өткен Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, еліміздегі су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізу міндеті қойылды. Жағдай күрделене түссе, қосымша күштер мен құралдарды енгізу бойынша шаралар қабылдау, олардың әрекеттерінің ықтимал нұсқаларын анықтау қажет.
Атырау облысының әкімдігіне Жем мен Қиғаш өзендеріндегі қауіптің жоғары екенін ескере отырып, су айдындары бойында орналасқан елді мекендерді қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне жауапты органдармен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 17:31 1596
Тоқаев Presight.AI басшысымен суперкомпьютер мен Smart City құру мәселесін талқылады
https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-presightai-kompaniyasynyn-baskarma-toragasy-tomas-pramotedhamdy-kabyldady-1325428
Достарға айту
Мемлекет басшысы Presight.AI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстанда өнімділігі жоғары есептеу, цифрлық трансформация және озық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңызын атап өтіп, елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екеніне тоқталды.
Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.
Технологияны локализациялау және қазақстандық компанияларды бірлескен жобаларға тарту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Presight.AI басқарма төрағасы отандық IT-компаниялардың біліктілік деңгейін жоғары бағалады және олармен ұзақмерзімді серіктестік құруға қатысты ниетін растады.
Сонымен қатар Астана әкімдігімен бірлесе атқарылатын Smart City жобасы талқыланды. Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект шешімдерін пайдалануға қолдау білдірді. Атап айтқанда, Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында қала қызметтерінің тиімділігін арттыратын ахуал орталығы құрылмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық трансформациясына және технологиялық өрлеуіне септігін тигізетін негізгі бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 17:25 1936
ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген кеңесте салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйелерін цифрландыру жөніндегі жұмыстардың барысы тыңдалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың дерегі бойынша, қазіргі уақытта фискалдық органдардың ақпараттық жүйелеріне қажетті деректерді беру үшін Smart Data Finance, СӘАЖ және Keden салықтық ақпараттық жүйелерін алты мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау жалғасуда. Жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне дейін жаңа салық жүйесін енгізу бойынша барлық тестілік және басқа да қажетті рәсімдерді бітіріп үлгеру үшін барлық интеграциялық жұмысты мүмкіндігінше тезірек тиянақтау қажет. Кеңесте толыққанды интеграцияға кедергі келтіретін барлық мәселе қаралды, оның қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекеттік органдарға барлық рәсімдік мәселені наурыз айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Smart Data Finance АЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға беру "e-Tamga" ҚҚС төлем жүйесінің жұмысын бастау үшін негіз болады. Бұл жүйе сатып алушы мен жеткізуші арасында, сондай-ақ бюджетпен өзара есеп айырысу кезінде ҚҚС төлемін жүргізуге арналған. Жүйедегі ҚҚС бойынша барлық төлем тек электрондық шот-фактура негізінде жүргізілді. Бұл ҚҚС төлеуден жалтаруды болдырмайды. Осы жүйенің арқасында ҚҚС қайтару қазіргідей 150 күн емес, 15 күн ішінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ ол адал бизнесті жосықсыз тәуекелді компаниялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің (СӘАЖ) АЖ базасында Қаржы министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп салық төлеушілерге қызмет көрсетудің проактивті сервистік моделін құрады. СӘАЖ-дағы салық төлеушінің жеке кабинеті салық төлеушілерге қызметтерді алуға және есептілікті қашықтан тапсыруға, декларацияларды кезең-кезеңімен, анықтамалармен және деректерді тексерумен толтыруға мүмкіндік береді. Жүйе екіжақты байланысты қамтамасыз етеді: мемлекеттік кіріс органының хабарламасына жауап беруге және салық органына бармай-ақ құжаттарды жүктеуге болады.
Қазіргі уақытта екінші тоқсанда аяқталуы жоспарланған СӘАЖ модульдерін кезең-кезеңімен көбейту жүріп жатыр. Болашақта қызмет көрсету моделі бірыңғай салық көмекшісін әзірлеу үшін жасанды интеллект көмегімен жетілдіріледі. Виртуалды салық көмекшісі бизнесті ашудан бастап жабуға дейін салықтық қолдауды қамтамасыз етіп, әрбір салық төлеушіге декларацияны алдын ала толтыруға, қолайлы салық режимін таңдау бойынша ұсыныс беруге, декларация тапсыру мен салық төлеу мерзімі туралы хабарлауға көмектеседі.
Сонымен қатар тұтынушының әрбір сатып алу үшін фискалдық чектерді талап етуге қатысты өз құқығы туралы хабардар болуын жақсарту үшін осы көктемде Қаржы министрлігі Salyq кэшбэк жобасын қайта бастауды жоспарлап отыр. Өткен жылы Salyq кэшбэк пилотты тұрғыда Семей қаласы мен Ақкөл ауданында сынақтан өткізілді. Оның көмегімен сатып алушылар фискалдық чек беру кезінде сатып алу сомасының 2%-ын алды. Пилоттық жобаның 5 айында чектер саны 222%-ға, ал тауарлар мен қызметтердің жалпы құны 132%-ға өсті. 75 млн теңге кэшбэк есептелді. Әсет Тұрысовтың хабарлауынша, 2025 жылғы 15 наурыздан бастап бұл жобаны Өскемен (ШҚО), Жетіқара (Қостанай облысы) және Жақсы ауданына (Ақмола облысы) кеңейте отырып, қайта бастау жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 10:14 3336
Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 428 шақырым болатын 76 суару каналын реконструкциялау жұмысын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек, Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймаларының құрылысы басталады. Сондай-ақ, Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоныз су қоймаларын реконструкциялау қарастырылған.
Қордай, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Жуалы аудандарында 53,9 гектар жерге су беру сапасын жақсарту үшін 34 жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 12 жоба аяқталды. Былтыр жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болатын 37 каналда құрылыс жұмыстары аяқталды. 46 тік дренажды ұңғыма бұрғыланып, 12 - сі қалпына келтірілді.
Министрлік алдағы екі жылда Жамбыл облысында 19 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 330 шақырым болатын 105 каналға реконструкция жасалады. Бұл тасымалдау кезінде су шығынын азайтады және өңірдегі егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартады", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:38 29246
Қазақстан әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді
Достарға айту
Хьюстон (АҚШ), 2025 жылғы 12 наурыз - Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен қазақстандық делегация Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni және Honeywell сияқты әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың басшылығымен бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы - Қазақстандағы ағымдағы жобалар және ұзақ мерзімді әріптестіктің перспективалары. Басым мәселелер қатарында көмірсутектер өндіру көлемін өзектендіру, газ өңдеу қуаттарын дамыту қарқынын жеделдету, геологиялық барлауға инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту болды.
Chevron Corporation директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен және Exxon Mobil Corporation аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларының негізгі аспектілері, оның ішінде болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мұнай өндіру көлемін реттеу жоспарлары, нарықты тұрақтандыруға бағытталған жаһандық күш-жігер және Қазақстанның халықаралық міндеттемелері қаралды. Министр жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау мен шығындарды оңтайландыру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, компаниялардың жаңа геологиялық барлау бастамаларына қатысу перспективалары талқыланды.
Shell бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен және Eni S.p.A бас операциялық директоры Гвидо Брускоменөткен кездесулерде газ стратегиясы басты назарда болды. Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету және сұйытылған көмірсутек газын өндіру мақсатында жылдық қуаты 4 млрд текше метрге дейін жететін жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасы қарастырылды.
Shell компаниясымен геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру талқыланды. Ал EniМаңғыстау облысында қуаты 120 МВт болатын гибридті жел-күн электр станциясын салу барысын таныстырды.
Сапар аясында Қазақстан делегациясы Хьюстон қаласындағы Honeywell технологиялық орталығына барып, компания басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Қазақстан энергетика секторына озық технологиялар мен инвестиция тарту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Біз саладағы әлемдік көшбасшылармен ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделіміз және еліміздің тұрақты дамуы мен жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз", - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кездесулер қорытындысы бойынша.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:07 29491
Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек
Достарға айту
Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама, деп хабарлайды оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда буллингпен күрес шеңберінде 110 мектепте "KiVa" бағдарламасы пилоттық түрде жүзеге асырылуда, сондай-ақ "ДОСБОЛLiKe" отандық буллингке қарсы бағдарлама әзірленді. Пилоттық жоба 50 мектепте ұйымдастырылуда.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "ДОСБОЛLiKe" антибуллингтік бағдарламасын барлық мектептер мен колледждерде енгізу жоспарланып отыр", - деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Спикер мектептердегі балалардың буллинг әрекеттері үшін олардың ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ мектептердегі психологиялық қызметтер мен мектепішілік есепке алудың бірыңғай қағидалары қабылданды.
Бүгінгі таңда 82% есепке алынған балалар проактивті түрде қосымша біліммен қамтылған. Зардап шеккен балаларға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ведомствоаралық жедел әрекет ету алгоритмдері қолданысқа енгізілді", - деді оқу-ағарту вице-министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 10:23 28686
ТЖ бастамасы бойынша теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді
Достарға айту
ТЖ бастамасы бойынша теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды КТЖ-ның баспасөз қызметінен.
✍2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Президенті ӘҚБтК-ге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. ҚТЖ және құқық қорғау органдары бастамашы болған түзетулер темір жол қауіпсіздігін күшейтеді.
Негізгі өзгерістер:
- 559-бап: Мал айдау, темір жол бойында жаю - 5 АЕК (қайталанса - 10 АЕК). Белгіленбеген жерден өту - 3 АЕК, қайталанса - 5 АЕК. Ескерту жазасы алынып тасталды.
- 607-бап: Өткел ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 20 АЕК-ке дейін екі есеге артты. Көлікке немесе мүлікке зақым келтірсе, жүргізуші куәлігінен 9 айға дейін айыру жазасы енгізілді.
Түзетулер қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.03.2025, 15:06Қазақстанда лифттерді ауыстыру үшін тұрғындарға бюджеттік кредиттер беріледі 13.03.2025, 10:14 2661Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады13.03.2025, 10:11 1581Адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қатысушысы ұсталды13.03.2025, 16:20 1356Алматыда криптовалюта сатқан жасөспірімге қатысты тергеу аяқталды13.03.2025, 17:25 1261ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі
07.03.2025, 16:20 134066Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 131261Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 131221Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді07.03.2025, 16:15 117606Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 107491Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
13.02.2025, 08:03 270211ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261331Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207916Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 169426Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167926Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады