14.10.2023, 23:51 131341

Инфрақұрылым мүмкіндік бермейді: ҚМГ неге авиаотын өндірмейтін мәлім етті

Инфрақұрылым мүмкіндік бермейді: ҚМГ неге авиаотын өндірмейтін мәлім етті
Сурет: freepik.com

ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның мұнай өңдеу зауыттары - Атырау МӨЗ, Павлодар МХЗ және Шымкент МӨЗ (ПҚОП) 2018 жылы жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін ASTM халықаралық стандартына сай Jet-А1 маркалы авиаотын шығаруға дайын, деп хабарлайды ҚМГ компаниясының баспасөз қызметінен.


Кәсіпорындарда кешенді техникалық аудит өтті, солардың бірін әлемдегі жетекші "SkyTanking" компаниясы орындады. Өндіріс технологиялары бекітілді және отынды толық сертификаттау үшін қажетті жабдық сатып алынды.

Сонымен қатар, қазақстандық әуежайлар мен көліктік-логистикалық сегменттердегі инфрақұрылымның қазіргі жағдайы авиаотынның бұл түрін өндіруге мүмкіндік бермейді. Jet-A1 өндірісіне толық көшу үшін мұнай өңдеу зауытынан шыққаннан бастап халықаралық стандарт бойынша аккредитациядан өткен ұшақ қанатына дейінгі барлық айналым тізбегі дайын болуы тиіс. Отын сақтау жүйесінде бір мезетте бірнеше отын түрін пайдалануға жол жоқ. Жанармай жүйесін тазарту қажет және/ немесе бөлек резервуар пайдаланған жөн. Сондай-ақ әуежай зертханаларында халықаралық стандарттар бойынша отын қабылдауға арналған жабдық орнатылуы тиіс", деп мәлім етті ҚМГ.


ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес ұйымы - ҚМГ Аэро 2018 жылы шетел серіктестерін тарта отырып, отын инфрақұрылымының дайындығын, сонымен бірге Jet-A1 отынына көшу үшін талаптардың қаншалықты орындалғанын тексерді. Осы саладағы жетекші әлемдік компаниялармен келісімдерге қол қойылды. Аталмыш құжаттар отандық әуежайларды дайындау бойынша бірлескен іс-қимылды көздейді.


Әуе айлақтарының инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі жұмысты уәкілетті мемлекеттік органдардың, әуежай иелерінің және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен кешенді түрде жүргізу қажет.

Жалпы, отандық әуе компаниялардың халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, Jet-А1-ге көшу жөніндегі жоспары қазақстандық әуежайларды жаңғыртуға, бейімдеу процестерін жеделдетуге және ҚМГ-нің мұнай өңдеу зауыттарында осы авиаотын түрін өндіруді бастауға жол ашады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны