13.11.2024, 14:12 68201
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады
Достарға айту
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP29) тиісті келісімге қол қойды. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл Ислам даму банкінің тарихындағы қаржыландырған ең көлемді жобасы екенін атап өтті.
Сонымен қатар Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанның су саласын дамытуға $3,5 млн көлемінде өтеусіз грант бөлді.
Сондай-ақ ИДБ Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген "Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту" жобасын іске асыруға қатысады. Бұған дейін тараптар Жобаның бірінші кезеңі бойынша келіссөздер хаттамасына қол қойған болатын.
Қаржыландырылатын жобаның бірінші кезеңі Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялауды, 115 каналды реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қарастырады. Құрылыс жұмыстары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүргізіледі.
Бұдан басқа, жоба ИДБ мен Министрлік арасындағы Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерделеудегі техникалық ынтымақтастықты, сондай-ақ су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауды көздейді.
Оның ішінде "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын техникалық жарақтандыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін автоматтандыру орталығын салу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы су саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті. Біздің алдымызда су инфрақұрылымын жаңғырту және болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімдеу міндеті тұр. Ислам даму банкі сияқты беделді институттың қаржыландыруы елімізге деген жоғары сенімді, жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат пен әлеуметтік-экономикалық реформаларды куәландырады", - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.12.2024, 17:35 9386
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 17 млн тоннаға жетті
Достарға айту
2024 жылдың 11 айында Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% - ға артық (өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 103,6%).
2024 жылғы есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі:
- автобензин - 4,88 млн.тонна немесе 2023 жылға 101,1%;
- дизель отыны - 4,91 млн.тонна немесе 2023 жылға 103%;
- авиакеросин - 0,68 млн.тонна немесе 2023 жылға 118,6%-ды құрады.
Бүгінгі таңда қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары тұрақты жұмыс істейді, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) қорларын тиеу және толықтыру үздіксіз жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.12.2024, 16:50 8061
Ірі халықаралық компаниялар геологиялық барлауға шамамен 41 млрд теңге инвестициялады
Достарға айту
Ірі халықаралық компаниялар геологиялық барлауға шамамен 41 млрд теңге инвестициялады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында республиканың геологиялық саласының дамуы туралы баяндады.
Оның айтуынша, соңғы 30 жылда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының өсуі байқалады. Еліміздің минералдық-шикізат базасына қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орны кіреді.
Мысалы алтын бойынша қорлардың орнын толтыру коэффициенті - 1,2. Бұл дегеніміз өндірілген 1 тонна алтынның орнына 1,2 тонна қоры толығуда. Ал, мыс, мырыш, қорғасын, алюминий қорлары бойынша тереңдетілген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Мәселен, мыс бойынша қорлардың толық коэффициент - 0,7. Мыстың перспективалы учаскелері белсенді түрде барлануда", - деп мәлімдеді министр.
Елімізде геология және жер қойнауын пайдалану салаларының ашықтығын қамтамасыз ету үшін заңнамалық және институцияоналдық реформалар жүргізіліп, 2018 жылы жаңа Кодекс қабылданды. Реформа шеңберінде еліміздің барлық аумағына геологиялық барлау мүмкіндігі ашылды.
Геологиялық зерттеу лицензиясын өтінімді бірінші болып енгізген инвесторға беру тәртібі енгізілді. 2018 жылдан бері 2906 барлау лицензиясы және 111 өндіру лицензиясы берілді. 1991 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді Жер қойнауы туралы кодекстің қолданысқа енгізілу кезеңімен салыстырғанда жер қойнауын пайдалану құқығын беру 6 есеге дейін өсті.
Соңғы 5 жылда геология саласына $1 млрд жеке инвестициялар тартылды. Сонымен қатар осы жылдың 1 қаңтарында қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) қорларын CRIRSCO халықаралық жүйесіне сай KAZRC стандарттарына көшіру жүзеге асырылды. Биылғы 11 айда 58 ҚПҚ кен орны KAZRC стандарттарына сәйкес мемлекеттік балансқа қойылды", - деп атап өтті Қ. Шарлапаев.
Жүргізілген реформа мен Министрлік қабылдаған шаралар елімізді геологиялық барлауға ірі халықаралық компанияларды тартты. 10 компанияның 2023 жылы жасаған инвестициясының жалпы көлемі шамамен 41 млрд теңгені (әлеуметтік міндеттемелер - 8 млрд.теңге) құрады және бұл 25 мың шаршы шақырымнан астам аумақты зерттеуді қамтамасыз етті.
Осылайша, Fortescue Ақтөбе, Қарағанды, Абай және Жамбыл облыстары бойынша 32 учаскеде барлау жұмыстарын жүргізеді. Оның барлауға салған инвестициясы 4 млрд теңгені құраған.
Әлемдегі ең ірі барлау компаниялары қатарына кіретін Rio Tinto компаниясы негізінен Ақтөбе облысында орналасқан аумақтар бойынша 10-нан астам лицензия бойынша барлау жүргізеді. Rio Tinto лицензиялардың қолданылу кезеңінде жер қойнауын барлауға 2 млрд теңге көлемінде инвестиция жасады.
Сондай-ақ Barrick, ВНР, Teck және First Quantum компаниялары халықаралық масштабтағы кен орындарын анықтау мақсатында жер қойнауын барлау жұмыстарын белсенді жүргізуде. KIGAM Корей институты Тау-Кен Самұрықпен бірге Арал өңірінде литийдің таралуын зерттеуге кірісті.
Жерде сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесі перспективалы кен орны ретінде бағаланып отыр, церий мен лантанидтерді қосы алғанда жерде сирек кездесетін металдардың 935,4 мың тонна сомасының болжамды ресурсы бар", - деді спикер.
Сондай-ақ жерде сирек кездесетін металдарды барлау жұмыстарын жеке компаниялар, атап айтқанда Cove Capital және HMS Bergbau жүргізеді.
Салаға инвестиция тарту және жерде сирек кездесетін металдар әлеуетін арттыру мақсатында Министрлік осмий мен ренийді қоспағанда, жерде сирек кездесетін металдардың баланстық қоры туралы деректерді құпиясыздандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Жылдың соңына дейін аталған жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.
Министрлік геологиялық барлаудың озық әдістерін белсенді енгізіп жатыр. Солардың бірі - аэрогеофизикалық зерттеулер. Аэрогеофизикалық зерттеу жер қойнауының құрылымы туралы сапалы заманауи ақпарат береді және жер қойнауын барлауға инвестиция тарту үшін қажетті деректер көзі саналады. Пилоттық жоба Қазақстанның перспективалы өңірлерін, соның ішінде Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым аймағын қамтиды", - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Өткен жылдан бастап minerals.e-qazyna.kz Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастыру үшін 66 мыңнан астам геологиялық есеп дайындалды.
Геологиялық деректерді цифрландыру бойынша одан әрі жұмыс жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін қолдануды көздейтін жеке жоба шеңберінде жоспарланған. Жасанды интеллектіні қолдану еліміздің геологиясы туралы жинақталған ақпаратты тез әрі тиімді пайдалануға және еліміздің болашағын анықтау үшін деректерді талдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осы жылдың мамыр айында "Тау-Кен Самұрық" пен Ivanhoe қатысуымен төрт учаскеде: Ұлытау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында бірлесіп геологиялық барлау жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келесім жасалды. Бірлескен жұмыс кезінде Қазақстанда мыс, алтын, күміс кен орындарын 1,5 км тереңдікте анықтай алатын Typhoon технологиялары пайдаланылатын болады.
Жер қойнауын пайдалану және геология салаларын автоматтандыру мақсатында minerals.e-qazyna.kz жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Халықаралық тәжірибе (Финляндия, Канада, Үндістан, Бразилия, Норвегияның ұқсас геопорталдары) зерттелді және бизнес-процестерді қайта құру жүргізілді. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында инвестордың барлауға/өндіруге өтінім беруінен бастап оның аукционына және лицензия беруіне дейін жіксіз цифрландырылған процесс іске асырылды. Осы бағытта Финляндия геопорталының моделі негізге алынды.
Былтырғы және осы жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасы 9 млрд теңгеден асты. Сондай-ақ интерактивті карта әзірленді, 66 мыңнан астам геологиялық есептер орналастырылды және жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігін электрондық түрде беруді қоса алғанда, 6 функция автоматтандырылды", - деді спикер.
Қазіргі уақытта қалған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарды (Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары) тарта отырып, белсенді тестілеуден өтуде. Осылайша, жыл соңына дейін жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы қалған 19 мемлекеттік көрсетілетін қызметті Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында іске қосу жоспарлануда.
Тау-кен саласына инвесторлар санын көбейту үшін Дүниежүзілік банктің ұсынысымен Салық кодексінің жаңа жобасы шеңберінде роялти мәселесін енгізу пысықталып жатыр.
Тау-кен металлургиясы кешенінде салық салудың ғаламдық ең танымал моделі - сатылған өнім немесе пайда көлеміне негізделген төлемдерді есептеу. Ал пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық Қазақстанда әлі күнге дейін қолданылып келеді.
Минералды шикізаттың сату құнына негізделген роялтиді енгізу халықаралық тау-кен өнеркәсібі үшін ашық және етене таныс. Жаңа модельге көшу әлеуетті инвесторлар үшін реттеу режимін айқын әрі түсінікті етеді. Жаңа салық салу шеңберінде ел ішінде өңделетін минералды шикізаттан өңделмеген экспортталатын минералды шикізат өнімдеріне қарағанда төмен салық алу ұсынылады. Осыған байланысты, Экономика және қаржы министрліктеріне жаңа Салық кодексінің жобасына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өндіруге лицензия алған жер қойнауын пайдаланушылар үшін роялти нормаларын енгізу туралы тапсырма беруіңізді сұраймын. Қазақстан үшін геология саласының стратегиялық маңызын ескере отырып, Ғылым және қаржы министрліктеріне Ғылым туралы заңға толықтырулар енгізу арқылы қаржыландырылатын іргелі ғылымдар тізбесіне геологияны енгізу қажет", - деп түйіндеді баяндамасын Қанат Шарлапаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2024, 18:38 33071
Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ға артты
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты. Президенттің "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру және басым салалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Индустриялық парк аумағында Премьер-министрге Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды. Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Астананың ЖӨӨ көлемі 5,5 трлн теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 7%-ға асып түскенін хабарлады. Жалпы өңірлік өнім құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі 72%-ды құрайды. Биылғы 10 айда Астанаға шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл ретте өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 7%-ға өсті.
Премьер-министр 7,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан "Digital System Service" ЖШС зауытының өндірістік цехтарын аралап көрді. Телекоммуникация жабдықтарын, оның ішінде модемдерді, коммутаторларды, бағдарлауыштарды, телефон аппараттары мен үйде, кеңседе және өнеркәсіптік пайдалануға арналған стансаларды шығару жолға қойылған. Зауытта бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуден бастап дайын өнімді жинауға және орауға дейін өндірістің толық циклі жүзеге асырылады. Премьер-министрге жаңғыртудан кейін кәсіпорынның қуаты жылына 720 мың бірлікке дейін өскені, оның көлемін 805 мың құрылғыға дейін ұлғайту мүмкіндігі туралы баяндалды. 2005 жылы ашылған сәттен бастап зауытты дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $4,5 млн-ды құрады. Бүгінгі таңда өндіріс 100 қызметкерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Олжас Бектенов импортқа тәуелділікті азайту және жоғары технологиялық өнімнің экспортын ұлғайту мақсатында жағдай жасау үшін мұндай өндірістердің маңызын атап өтті. Қазіргі уақытта Digital System Service тауарлар желісі Қазақстан нарығында кеңінен ұсынылған. Компанияның даму жоспарында шетелдік нарыққа шығу қарастырылған, оның ішінде Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Араб елдері бар.
Америкалық Wabtec компаниясының инвестициялық жобасы арқылы Олжас Бектенов теміржол машинасын жасау саласының дамуымен танысты. "Локомотив құрастыру зауыты" магистральдық тепловоздарды құрастыру кәсіпорны жылына 120 бірлікке дейін шығарады. Өндіріс басталғаннан бері барлығы 611 локомотив жиналды. Компания президенті Марат Тілеубаев Премьер-министрге зауытта барлық негізгі құрастыру тораптары игерілгенін, локализация деңгейі бүгінде 75%-ға жеткенін баяндады. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы - 30 млрд теңге. Кәсіпорында 742 жұмыс орны ашылды.
Премьер-министр темір жол машинасын жасауды дамытуға, жаңа өндірістік және сервистік объектілерді құруға инвестициялардың өсуінің оң үрдістерін атап өтті. Мұндай жобаларды іске асыру Мемлекет басшысының алға қойған міндетіне сәйкес Қазақстанның көлік-логистикалық хаб ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Олжас Бектенов "Ashina KZ" ЖШС тігін фабрикасында жеңіл өнеркәсіптің дамуымен танысты. Кәсіпорынның жылдық қуаты - 24 мың бірлік өнім. Жобаның құны 1,4 млрд теңгені құрайды, 60 жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов "Тау-Кен Алтын" ЖШС аффинаж зауытында болды. Кәсіпорын жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, алтын мен басқа да бағалы металдарды қоспалардан тазартумен айналысады. Зауыт ТМД-да теңдесі жоқ озық аффинаж технологиялары бойынша жұмыс істейді, бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын іске қосылған сәттен бастап барлығы 336,7 тонна тазартылған алтын және 64,2 тонна күміс өндірілді, жылдық қуаты 25 тонна алтын мен 50 тонна күміске жетеді. "Тау-Кен Алтын" ЖШС директоры Айнұр Айдарханов зауыт энергия тұтыну, су мен жылу шығынын азайта отырып, ESG-қағидаттарын белсенді енгізгенін, сондай-ақ катализаторлар мен қалдықтарды қайта өңдеуді дамытып жатқанын айтты. Бұл шикізат базасын кеңейтуге әрі нарықтағы ұстанымды нығайтуға мүмкіндік береді.
Премьер-министр зауыттың қызметі Қазақстанның бағалы металдардың әлемдік нарығындағы ұстанымын нығайтуға ықпал ететініне тоқталды. Жалпы, мұндай өндірістік жобалар ел экономикасын әртараптандыру жөніндегі стратегияны іске асыруда шешуші рөл атқарады.
Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу міндетін қойды. Бізде бұл үшін барлық мүмкіндіктер мен қажетті құралдар бар. Қолайлы жағдайлары бар осындай индустриялық парктер өнеркәсіп секторының дамуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда әртүрлі салалық бағыттағы 14 арнайы экономикалық аймақ және 20-дан астам индустриялық аймақ жұмыс істейді. Біз бұл тәжірибені жалғастырамыз әрі кеңейтеміз. Біздің міндетіміз - жоғары деңгейде қайта өңдеуді дамыту, отандық шикізатты тиімді пайдалану және қайта өңдеу, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың айналасында сабақтас өндірістерді қалыптастыру. Импортқа тәуелділікті төмендетіп қана қоймай, қосылған құны айтарлықтай жоғары өнімдердің экспортын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау маңызды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2024, 18:05 33381
Жамбыл облысында жаңа зауыттың іргетасы қаланды
Жобаның жалпы құны - 114 млн доллар
Достарға айту
Жамбыл облысында жаңа зауыттың іргетасы қаланды, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" мен қытайлық SANY Renewable Energy компаниясының басшылары жел генераторларының құрамдастарын шығаратын зауыттың іргетасын қалады.
Жоба аясында жел электр станцияларына арналған гондолалар, күпшектер, мұнаралар және басқа да негізгі құрамдастар шығаратын зауыт салу жоспарланған.
Жобаның жалпы құны - 114 млн доллар. Жоспар бойынша зауыт 2025 жылдың соңында іске қосылуы тиіс.
Біріншіден, 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Екіншіден, 114 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның даму институттарынан қосымша қарыз алынбайды. Үшіншіден, жергілікті өндіріс деңгейі артып, кемінде 30% болады. Ол үшін SANY RE қосымша R&D зерттеу орталығын ашуды жоспарлап отыр", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Жоба Қазақстанда салынатын жел электр станцияларын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.
Жалпы, электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін "Самұрық-Қазына" серіктестерімен бірге 2030 жылға дейін шамамен 6 ГВт жаңартылатын энергия көздерін іске қосуды жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 18:12 40436
2025 жылы 1 қаңтардан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнайды экспортқа тасымалдауға тарифтері көтеріледі
Достарға айту
Мұнайды сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін "ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметке тарифті 1 150 теңгеге 1000 км-ге 1 тоннаға 11 300 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) арттырады, деп хабарлайды "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ-ның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтерге тарифтері өзгереді.
Атап айтқанда, "Мақат" мұнай айдау станциясындағы мұнайды "Кеңқияқ - Атырау" мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 152,73 теңгеге ұлғайып, 2 436 теңгені құрайды.
Кеңқияқ" бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі қызметке тариф 402,5 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 740 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
Атасу" бас мұнай айдау станциясындағы мұнайды "Атасу - Алашанькоу" мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 93,87 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 380 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:39 40721
Қараша айының 26 күнінде ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді
Достарға айту
Қараша айының 26 күнінде ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% артық. Жалпы көлемнің 259 мың тоннасы ішкі нарыққа, 750 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді. Ел бойынша тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27%, экспорт 69% ұлғайды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Қарашаның соңғы аптасында жүк жөнелтушілер дәстүрлі түрде биылғы астықты жөнелтуді күшейтеді. Қараша айының қорытындысы бойынша тиеу көлемінің едәуір ұлғаюы күтілуде. Айдың соңына қарай 1,3 млн тонна астық жөнелтіледі деп болжануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41% артық. Осы көлемнің 900 мың тоннадан астамы экспортқа бағытталатын болады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштерден 35% артық. Әсіресе Орталық Азия елдеріне жеткізуде айтарлықтай өсім байқалды - 516 мың тонна (+27%), Ауғанстанға - 66 мың тонна (+62%), сондай - ақ Ақтау порты арқылы Иранға 81 мың тонна жеткізілсе, бұл өткен жыл деңгейінен он есеге көп. Сонымен қатар, Ресейге тасымалдау алты есеге артып, 135 мың тоннаны құрады, оның ішінде Ресей порттары мен Балтық порттары арқылы 45 мың тонна, сондай - ақ Әзірбайжан нарығына 68 мың тонна, 2023 жылдың қарашасында бұнда жөнелтілімдер болған жоқ.
Қазақстанның ішкі нарығында астық тасымалдау көлемі шамамен 350 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38% артық. Бұл ҚР Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес элеваторларды босату үшін астықты ел ішінде орнын ауыстыру қажеттілігіне байланысты.
Бүгінгі таңда астық тасымалдаушылар паркінде 12 616 бірлік бар және жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде өңделуде. ҚТЖ жаңа егіннің астық жүктерін тасымалдауға ерекше бақылауды жүзеге асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 14:09 46661
Қазақстанда жұмыртқа бағасы өсті
Достарға айту
Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері бойынша, С1 санатындағы жұмыртқа бағасы соңғы аптада 0,1%-ға артты. Қазір осы санаттағы жұмыртқаның орташа бағасы сауда сөрелерінде 540 теңге құрайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің баспасөз қызметінен.
Жұмыртқалардың бағасы аймаққа байланысты әртүрлі болады. Елордада С1 санатындағы жұмыртқаның орташа бағасы 609 теңге болса, ең төменгі баға Петропавлда тіркелген - 462 теңге.
Өзге өңірлердегі орташа баға:
Алматы - 600 теңге
Шымкент - 530 теңге
Ақтау - 569 теңге
Өскемен - 584 теңге
Тараз - 483 теңге
Қызылорда - 479 теңге
Қостанай - 497 теңге
Ақтөбе - 493 теңге
Атырау - 498 теңге
Түркістан - 498 теңге
Жезқазған - 547 теңге
Көкшетау - 500 теңге
Қарағанды және Орал - 518 теңге
Қонаев - 574 теңге
Павлодар - 520 теңге
Семей - 516 теңге
Талдықорған - 552 теңге
Ұлттық статистика бюросы облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалалардағы базарларда, дүкендердегі және сауда желілеріндегі бірінші санаттағы жұмыртқа бағасына бағалау жүргізеді. Сауалнамада сатылымда бар жұмыртқалар ескеріледі және олардың бағасы жыл бойы қадағаланады.
2024 жылы жұмыртқа бағасының негізсіз өсуін болдырмау үшін жұмыртқа өндірушілерінің қауымдастығы және құс өсірушілер одағымен меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум өндірушілердің қоймасында 1 дана жұмыртқаның ең жоғары көтерме бағасын 51,5 теңге деңгейінде белгілейді. Бұл ең жоғары баға бірінші санаттағы жұмыртқаларға, соның ішінде лотоктарда және дара сатылатын түрлеріне қатысты. Айта кету керек, коррекс қаптамасында сатылатын С1 санатындағы жұмыртқалар қаптама құны мен басқа да шығындар себебінен қымбатырақ сатылады. Меморандум шарттары коррекс қаптамасында сатылатын жұмыртқаларға қатысты қолданылмайды.
Оператив мониторинг деректеріне сәйкес, сауда үстемесін қоса есептегенде еліміздегі базарлдар мен дүкендерде жұмыртқа 435 теңгеден (Ұлытау облысы, 30 данадан тұратын лоток) бастап 540-600 теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысы, 30 данадан тұратын лоток 2225 теңге) сатылуда. Мысалы, Астанадағы "Магнум" дүкенінде "Курочка Ряба" өндірушісінің С1 санатындағы жұмыртқасының 30 данадан тұратын лотогы 1590 теңгеге (10 дана 530 теңге) сатылса, "Луговое поле" брендімен сатылатын жұмыртқаның 30 данадан тұратын лотогы 1619 теңгеге (10 данасы 540 теңге) бағаланады. "Small" желісінде жұмыртқа 510 теңгеден сатылуда. Өнім бағасы көптеген факторларға, оның ішінде үй маңындағы дүкендерге жеткізілетін ұсақ көтерме саудагерлер мен құс фабрикаларынан нарықтарға жасалатын ірі көтерме жеткізілімдерге байланысты болады. Ірі сауда желілері өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті сауда заңнамасын сақтау бойынша бақылау жүргізеді. 2024 жылдың басынан бастап сауда заңнамасына қатысты 4398құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жұмыртқалардың негізсіз бағасының өсуіне қатысты 197 жағдай тіркелген. Осыған байланысты 3636 сауда субъектісіне ескерту жасалып, 762-сі айыппұлға тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:25 53256
Елімізде 2,8 мың шақырым жол жөнделіп, 143 жолаушы вагоны жаңартылды
Достарға айту
Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тасымалдау қарқыны мен инфрақұрылымдық жобалар туралы көлік министрі Марат Қарабаев, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады
Министрліктің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жүк тасымалының көлемі 3,5%-ға артып, 263 млн 400 мың тоннаны құрады. Ішкі тасымалдар 10,8%-ға өсіп отыр - 156,2 млн тонна. Ал транзиттік жүк тасымалының көлемі өткен жылдың деңгейінде, яғни 22 млн 400 мың тонна.
Көлік-логистика саласын дамыту бойынша Президент тапсырмасын іске асыру аясында елде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Былтырдан бері 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары жалғасуда. "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың мәліметінше, биыл 185 локомотив пен 143 жолаушылар вагоны сатып алынған. 2028 жылы жолаушылар вагондарының паркі 3 мыңнан астам бірлікке жетіп, елдің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.
Премьер-министр саланы жаңғырту бойынша күш-жігерді арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. Әсіресе, теміржол вокзалдары мен станциялардың инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек - қазіргі уақытта олардың шамамен 90%-ы жөндеуді қажет етеді.
Мемлекет басшысы Қазақстанды толыққанды көлік-логистикалық хабқа айналдыру бағытында нақты міндеттер қойды. Бұл ретте теміржол саласының даму әлеуеті жоғары екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ ол ішкі және транзиттік жүк тасымалын арттыруда шешуші рөл атқарып отыр. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін біз қолданыстағы темір жолдар мен логистикалық орталықтарды жаңғыртып, жаңаларын салып жатырмыз. Сондай-ақ вагон паркін жаңарту жұмыстары да тұрақты жүруде. Бұл еліміздің көлік жүйесінің тиімділігін және оның өткізу қабілетін барынша ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2029 жылға қарай транзиттік тасымал көлемі 28 млн тоннадан 45 млн тоннаға дейін, ал транзит жиырма футтық баламадағы 2 млн контейнерге дейін өседі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Халықаралық көлік дәліздеріндегі қазақстандық бағыттардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Премьер-министр шекарадағы мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсету үшін барлық рәсімдерді аяқтауды тапсырды - қазіргі уақытта салық жүйесі мен теміржолдың ақпараттық жүйелері интеграцияланды.
Көлік министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеп, қаржыландыру көздерін анықтау тапсырылды. Сонымен қатар вагондарды жаңартуда қиындықтарға кезігіп отырған жеке тасымалдаушыларды қолдау шараларын әзірлеу қажет.
Бұдан бөлек, Үкімет басшысы теміржол жүктерін ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту және теңіз тасымалының әлеуетін арттыру үшін Ақтау портының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Көлік министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" компаниясына 2025 жылы контейнерлік хаб салып, Ақтау портының түбін тереңдету жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.12.2024, 10:57Билік өкілдері Корея аумағындағы қазақстандықтарды сабырлы болуға шақырды 04.12.2024, 12:08 16226Тоқаев су қауіпсіздігін нығайту үшін бірлескен шаралар қабылдауға шақырды04.12.2024, 13:44 14986Қазақстандықтар пошта жөнелтілімін pin-код арқылы алуға болады04.12.2024, 13:48 14711Бектенов Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты04.12.2024, 13:54 14511Қазақстандықтардың шоттарын жаппай бұғаттау: МКК жағдайды түсіндірді
28.11.2024, 18:20 86926Көкшетауда "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форумы өтті29.11.2024, 17:47 86626Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады29.11.2024, 19:34 86091Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеудің жаңа жүйесі қашан пайдалануға беріледі28.11.2024, 18:17 84246Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды28.11.2024, 12:58 82571Ұлттық Банк доллар бағамының күрт өсуіне байланысты түсініктеме берді
22.11.2024, 14:04 134566Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 134351Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 117161Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады22.11.2024, 14:00 108941Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді07.11.2024, 17:05 101781Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды