Билік өкілдері Корея аумағындағы қазақстандықтарды сабырлы болуға шақырды
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстандықтардың шоттарын жаппай бұғаттау: МКК жағдайды түсіндірді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасымен серіктестікті нығайтуға зор көңіл бөледі. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартқа қол қою нәтижесінде елдеріміздің өзара ықпалдастығы сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Біз достыққа, бауырластыққа және тату көршілікке негізделген қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймыз. Қазақстан Үкіметі қазақ-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нұрғожоұлы Жапаров Қазақстанмен достық әрі тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор мән береді. Президентіміздің биылғы сәуір айындағы Қазақстан Республикасына ресми сапары тарихи сипат алып, қырғыз-қазақ қатынастарында жаңа дәуірді ашты. Биыл қол қойылған одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шарт қырғыз-қазақ ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына және екі халық арасындағы ғасырлар бойғы бауырластық байланыстарды нығайтуға үлес қосатынына сенімдімін", - деді Ақылбек Жапаров.
Қарасу" және "Ақ-тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен салу жөніндегі жобаны іске асыру 2030 жылға қарай өзара сауданы $3 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі бірлескен мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді. Кешен өңірдегі жүк ағындарын шоғырландыру, өңдеу және дистрибуциялау жөніндегі ірі орталықтардың біріне айналады. Оның іске қосылуы екі елдің экономикасының өндірістік кооперациясы мен интеграциясын күшейтуге мүмкіндік береді. Кешенді салу үшін жер учаскелері бөлініп, Жамбыл облысының аумағында "Алатау" өңірлік индустриялық аймағы құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандықтар пошта жөнелтілімін pin-код арқылы алуға болады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев су қауіпсіздігін нығайту үшін бірлескен шаралар қабылдауға шақырды
Әлемде 2 миллиардтан астам адам сапалы ауыз суға жарымай отыр, ал 4 миллиардтан астам халық су тапшылығына ұшырады. Адамзаттың орнықты келешегін қамтамасыз ету үшін әлем елдері қазіргі сын-қатерлерге қарсы ортақ үн қатуы қажет. Орайлы сәтті пайдалана отырып, су тапшылығымен бетпе-бет келген елдер мен өңірлердің барлығына көмек көрсету жоспарын жариялағаны үшін Жоғары Мәртебелі Корольге шынайы ризашылығымды білдіремін. Жер аумағы көлемді және теңізге шығатын жолы жоқ ел ретінде Қазақстан судың қадірін анық сезінеді. Су таусылмайтын ресурс емес. Мұны өз басымыздан өткерген жағдайдан білеміз. Судың да сұрауы бар. Оны үнемдеп пайдалану керек. Сонда ғана адамзат өркендеу жолына түседі", - деді Мемлекет басшысы.
Барша адамзат, әсіресе шалғайда тіршілік етіп жатқан тұрғындар мен халықтардың осал тобы санитарлық талаптарға сай келетін таза ауызсуға қол жеткізуге тиіс. Бұл - олардың құқы. Климат пен су инфрақұрылымына арналған мақсатты инвестициялар су көзімен қамтамасыз етіп, орнықты өсімге септігін тигізеді. Осы арқылы тұтас өңірлер өркендейді. Қазақстанның таза ауызсуға жаппай қол жеткізуді көздейтін Freshwater Challenge жаһандық бастамасына қосылуы еліміздің осы мақсатқа жетуге бейіл екенін растайды", - деді Президент.
Мұздықтар су алмасу циклінде айрықша рөл атқарады. Олар дүние жүзіндегі 2 миллиардқа жуық адамды сумен қамтамасыз ететін өзен-көлдерді қоректендіреді. Сондықтан мұздықтардың еруіне жол бермей, тіршілік нәріне мұқтаж өңірлердегі су ресурстарын басқару стратегиясын қолдау үшін бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірыңғай су саясатын әзірлеген жөн", - деді Президент.
Суда шекара болмайды. Ол қоғамдастықтар мен экожүйелерді байланыстырады. Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының төрағасы ретінде аймақтық ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылдың ілгерілеуіне қолдау көрсетеді. Біздің ойымызша, климаттың өзгеруімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген мемлекеттердің диалогты жандандырып, халықаралық ықпалдастықты дамытуы және суға қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін ресурстарын жұмылдыруы өте өзекті. Осы мақсатқа сәйкес, Қазақстан бүгін жаһандық су дағдарысын шешуге мүдделі тараптарды біріктіретін және су ресурстарын басқару ісінде жаңашылдықты жақтайтын One Water Vision коалициясына ерекше ықыласпен қосылды. Еліміз 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Өңірлік климат конференциясын өткізеді", - деді Президент.
Су қауіпсіздігі - жай ғана техникалық немесе экологиялық мәселе емес, бұл моральдық императив. Су қауіпсіздігі проблемасын шешу One Water қағидаты аясындағы көпжақты диалогты дамытуды талап етеді. Қазақстан су ресурстарын жаһандық ауқымда басқару ісін нығайтуды көздейтін осы ұжымдық әрекетке өз үлесін қосуға дайын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
СҚО "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясында 46 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жоспарланған
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Арыс қаласының әкімі тағайындалды
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Арыс қаласы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі болып Маңқараев Қайсар Зәкірұлы тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Бүгін қаладағы кадрлық өзгерістерге байланысты жиналып отырмыз. Арыс қаласының әкімі қызметін атқарып келген Гүлжан Мамытқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметінен босатылды. Гүлжан Мамытқызы өзін білікті басшы ретінде таныта білді және қаланың дамуына өз үлесін қосты. Алғысымызды білдіреміз. Бүгін қалаға жаңа әкім тағайындалып отыр. Облыстың бағыты - өндіріс және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, экономиканы көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Қайсар Зәкірұлына осы бағытта белсенді жұмыс істеуді тапсырамын. Логистикалық әлеуеті жоғары Арыстың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, өндірісі дамыған қалаға айналдыру қажет. "Таза Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру, аймақты абаттандыру да маңызды", - деген Дархан Сатыбалды басым бағыттарды белгілеп берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Активтерді қайтару комитеті мен Интерпол ынтымақтастық туралы келісті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға индекстеледі
Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатыр және одан әрі қарай да орындала береді. Бұл - Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі", - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров брифингте.
2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға индекстеледі. Балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 млрдтеңге қарастырылған. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасады. 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 76 мың отбасы немесе 403 мың адам АӘК алды. АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін азаматтардың шығыстарын ескере отырып қайта қарау шеңберінде бұл көмек Цифрлық отбасы картасы және мемлекеттік әрі мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграциялау арқылы трансформацияланады", - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.12.2024, 10:57Билік өкілдері Корея аумағындағы қазақстандықтарды сабырлы болуға шақырды 04.12.2024, 12:08 9591Тоқаев су қауіпсіздігін нығайту үшін бірлескен шаралар қабылдауға шақырды04.12.2024, 13:44 8351Қазақстандықтар пошта жөнелтілімін pin-код арқылы алуға болады04.12.2024, 13:48 8076Бектенов Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты04.12.2024, 13:54 7876Қазақстандықтардың шоттарын жаппай бұғаттау: МКК жағдайды түсіндірді
28.11.2024, 18:20 86826Көкшетауда "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форумы өтті29.11.2024, 17:47 86311Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады29.11.2024, 19:34 85771Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеудің жаңа жүйесі қашан пайдалануға беріледі28.11.2024, 18:17 84146Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды28.11.2024, 12:58 82466Ұлттық Банк доллар бағамының күрт өсуіне байланысты түсініктеме берді
22.11.2024, 14:04 134461Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 134251Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 117061Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады22.11.2024, 14:00 108846Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді07.11.2024, 17:05 101681Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды