01.03.2022, 17:24 14386

Коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері арттырылды

Коллекторлық агенттіктердің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы Коллекторлық қызмет туралы заңда коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері туралы норма белгіленген.
НҰР-СҰЛТАН. 1 НАУРЫЗ - Коллекторлық агенттіктердің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы Коллекторлық қызмет туралы заңда коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері туралы норма белгіленген. Осы талапты орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының 10 млн теңге сомасындағы ең төмен мөлшерін енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚНРДА-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нарықты шоғырландыру және коллекторлық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 22 ақпанда жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруды көздейтін Агенттік Басқармасының №8 қаулысы қабылданды: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 млн теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 млн теңге. Бұл ретте жаңадан ашылған коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері 50 млн теңгені құрайды", - деп хабарлайды агенттік.


Қазіргі уақытта жарғылық капиталға қойылатын ең төмен талаптарды орындамаған коллекторлық агенттіктерге қатысты Агенттік олардың қызметін тоқтату бойынша жұмыс жүргізуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны