30.03.2022, 16:38 17456

Коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен арақтарға, және айрықша арақтарға күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары белгіленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, ең төмен бөлшек сауда бағалары:
 
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге;
 
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде белгіленді.
 
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны