04.06.2021, 20:00 48526

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңін енгізу туралы шешім қабылдады

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық Банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелерінен де, "Қазпошта" АҚ кеңселерінен де айырбастап алуға болады.
НҰР-СҰЛТАН. 4 МАУСЫМ - Ұлттық банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шығарылған банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңін енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкі Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Халықтың көптеген өтініші негізінде, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық Банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады. Жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай ішінде ескі банкнот қатар қолданыста жүреді. Басқаша айтсақ, ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болады және оларды бір жыл бойы барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті", - деді Жомарт Қажымұратов.

 
Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық Банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелерінен де, "Қазпошта" АҚ кеңселерінен де айырбастап алуға болады.
 

Егер сіз белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде ЕДБ пен "Қазпошта" АҚ кеңселерінде айырбастай алмай қалсаңыз, онда Ұлттық Банктің филиалдары оларды мерзім бойынша шектеусіз қабылдайды. Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс нөмірлері біздің сайтымызда жазылған. Жаңашылдықтар 2021 жылдың 12 маусымынан бастап күшіне енеді", - деп атап өтті ол.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны