15.04.2021, 17:52 15196

Ұлттық банк: экономиканың дамуы бойынша күтулер нашарлауда, бірақ оң аймақта қалып отыр

Наурызда пессимистік жауаптардың үлесі ақпандағы 35,5%-дан 36,2%-ға дейін өсті.
НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский қазақстандықтардың 2021 жылғы наурыздағы инфляциялық күтулеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Наурыз айында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, халықтың инфляциялық күтулері 0,2%-ға өсті. Олардың бір жыл алға сандық бағасы 6,9% құрады (ақпанда – 6,7%). Алдағы 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын немесе оның әлдеқайда көтеріле түсетінін күтетін респонденттердің үлесі 44%-ға дейін артты (ақпанда – 42%)", - деді Чернявский.

 
Инфляцияны бағалауда бағаның өте жоғары болатынын атап өткен респонденттердің үлесі 46%-ға дейін төмендеді (ақпанда 53%). Әдеттегідей, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (88%) азық-түлік бағасының өсетінін айтады. Сонымен бірге, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының көтеріледі деп белгілеген респонденттердің үлесі артты: 2021 жылдың ақпан айындағы 3,3%-дан наурызда 4,5%-ға дейін және қызметтерге – 2,5%-дан 3,4%-ға дейін (2-кесте), деп атап өтті Ұлттық Банкте.
 
Қазіргі қаржылық жағдайды бағалау – теріс аймақта сақталып отыр. Наурызда пессимистік жауаптардың үлесі ақпандағы 35,5%-дан 36,2%-ға дейін өсті. 
 

Болашақ қаржылық жағдайға қатысты оң күтулер басым, наурыз айында олар 38%-ға дейін өсті (ақпанда - 37%). Халықтың көлемдеп сатып алуға дайындығы өткен аймен салыстырғанда оң бағалардың өсуі есебінен біршама жақсарды: ақпан айындағы 13%-дан наурыз айында 15%-ға дейін", - деді Чернявский.

 
2021 жылдың наурыз айында экономиканың дамуы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтулер екінші ай қатарынан нашарлай түсті, дегенмен, оң аймақта қалып отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны