17.11.2022, 10:59 16156

Парламент бюджет тапшылығын жабу үшін Қазақстанға ХҚДБ-дан қарыз алуға мүмкіндік беретін заңды мақұлдады

Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді.
Парламент бюджет тапшылығын жабу үшін Қазақстанға ХҚДБ-дан қарыз алуға мүмкіндік беретін заңды мақұлдады
Астана. 17 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады.
 
Биылғы шілдедегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 345,7 млн еуро сомасына қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылған болатын. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанған 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріліп отыр. Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады.
 
Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді.
 
Заң жобасын қабылдау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған ҚР Үкіметінің кешенді шараларын қолдауға және республикалық бюджет тапшылығын толық қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
Бұған дейін ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тартылатын қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімнің қаржылық шарттарына сәйкес республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатынын түсіндірді.
 
Оның айтуынша, ағымдағы жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 3,3% немесе шамамен 3 трлн теңгені құрайды.
 

Алдыңғы қарыздарға қызмет көрсету және өтеу қажеттілігін ескере отырып, нарықтан шамамен 4 трлн теңге тарту қажет", - деп қосты Қаржы министрлігінің басшысы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны