01.07.2024, 20:11 10606

QazaqGaz және "Шеврон" жаңа газ кен орындарында бірлесіп геологиялық барлау жүргізетін болады

QazaqGaz" ҰК" АҚ және "Шеврон" корпорациясы, өзінің еншілес компаниясы "Шеврон Мұнайгаз Инк." (әрі қарай- "Шеврон") арқылы Ақтөбе облысы, Жаңажол және Ұрықтау кен орнына жақын орналасқан Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "QazaqGaz" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.


QazaqGaz" ҰК" АҚ және "Шеврон" корпорациясы, өзінің еншілес компаниясы "Шеврон Мұнайгаз Инк." (әрі қарай- "Шеврон") арқылы Ақтөбе облысы, Жаңажол және Ұрықтау кен орнына жақын орналасқан Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды.


Айта кетейік, бұл жоба бойынша соңғы бір жыл бойы келіссөздер жүргізіліп, техникалық дайындық жұмыстары жасалды. Бірінші кезеңде "Шеврон" қолда бар сейсмикалық мәліметтерді қайта өңдеп, техникалық түсіндірмелерді әзірлейді. Тараптар қол қойылған келісімді ауқымды серіктестіктің бастамасы ретінде қарастырып отыр.

Келісімге "QazaqGaz" ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен "Шеврон" компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc қол қойды. Іс-шара "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен өтті.

Біз Шеврон компаниясымен бірлесіп, жаңа газ кен орындарында жұмыс істей бастағанымызға қуаныштымыз. Жәлібек учаскесіндегі әлеуетті газ және газ конденсатты кен орындарын одан әрі геологиялық барлау және игеру, тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға және ел экономикасының дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Мемлекет басшысының газ саласындағы геологиялық барлау жобаларын жеделдету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, еліміздің газ саласының әлеуеті халықаралық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қызықтырып отырғанын қуана хабарлаймыз", - деді Санжар Жаркешов.


Айта кетейік, жоба акционер "Самұрық-Қазына" АҚ және ҚР Энергетика Министрлігінің қолдауымен жүзеге асады.

Осындай маңызды газ жобасы аясында "QazaqGaz" ұлттық компаниясымен серіктестігімізді нығайтып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік орнатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті, және бұл келісім Қазақстанның энергетикалық потенциалының өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. "Шеврон" компаниясы Қазақстанда газ саласын дамытудың маңыздылығын және онымен байланысты мүмкіндіктер мен перспективалардың мол екендігін түсінеді", - деп атап өтті Дерек Магнесс.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны