08.02.2022, 17:56 32086

ҚР-да мемлекеттік қаржыны басқарудың жаңа тұжырымдамасы қабылданады

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында бизнеске арналған мемлекеттік қолдау мен преференциялар шараларына талдау жүргізілетін болады.
ҚР-да мемлекеттік қаржыны басқарудың жаңа тұжырымдамасы қабылданады
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы қабылданады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 
 

Салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, оны одан әрі цифрландыру рәсімдердің ашықтығын және бюджет кірістерін арттыруды қамтамасыз етеді. Өңірлердің бюджеттік дербестігін нығайту үшін бюджетаралық қатынастарды реформалау жүзеге асырылатын болады", – деді Смайылов. 

 
Айта кетейік, жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елді дамыту үшін атқарылған шаралар мен Үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндады. 
 
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында бизнеске арналған мемлекеттік қолдау мен преференциялар шараларына талдау жүргізілетін болады. Сондай-ақ бюджеттен бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау күшейтілетін болады.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны