18.03.2022, 17:42 82561

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей мен Еуропадан тұқым жеткізу мәселесін шешуде

Қазіргі уақытта техниканың дайындығы 95% құрайды, 400 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны өңірлерге жөнелту басталды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей мен Еуропадан тұқым жеткізу мәселесін шешуде
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 18 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден 19,5 мың тонна жүгері, бидай, арпа және қара бидай тұқымын және Еуропадан жеткізілетін 80 тонна жүгері мен қант қызылшасының тұқымын жеткізу мәселесін шешуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта техниканың дайындығы 95% құрайды, 400 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны өңірлерге жөнелту басталды. 2,3 млн тонна тұқым немесе жоспардың 100% себілді.
 

Отандық минералдық тыңайтқыштарды өндірушілермен аграрийлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ал аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендеді", - деді Қарашөкеев.

 
Ауыл шаруашылығы өндірушілері "Кең дала" бағдарламасы арқылы 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берумен және азық-түлік корпорациясын 80 млрд теңге көлемінде форвардтық сатып алумен қамтамасыз етілді. Бұл ретте форвардтық сатып алу биыл 2 есеге артты.
 
17 наурыздағы жағдай бойынша, "Кең дала" бағдарламасы бойынша 94,8 млрд теңгеге өтінімдер келіп түсіп, оның 46,6 млрд теңгесі қаржыландырылды. Азық-түлік корпорациясына 76 млрд теңгеден астам сомаға өтінім түсті, оның 52,5 млрд теңгесі қаржыландырылды.
 

Сонымен қатар, жалпы соманы 140 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қосымша 70 млрд теңгеге қаржыландыру көлемін арттыру мәселесі пысықталып жатыр. 200 мың тонна көлемінде астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға тағы 20 млрд теңге бөлу алдын ала мақұлданды", - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

 
Жалпы, әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 2022 жылдың жалпы егіс алаңы 23,1 млн гектарды құрайды, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 125 мың гектарға артық.
 
Естеріңізге сала кетейік, "ҚазАзот" тыңайтқыш бағасын төмендетеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны