12.10.2021, 20:41 29896

ҚР министрліктері 13 млрд теңгені игермеген

Игерілмеудің ең үлкен сомасы Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау, Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджетті игермеу бойынша көш бастап тұрған министрліктерді атады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаржы министрлігі басшысының ақпараты бойынша, республикалық бюджеттің шығыстары 99,8%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,7%-ға атқарылды.
 
Республикалық бюджет бойынша сомасы 11 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.
 

Атқарылмау 19 млрд теңгені құрады, оның ішінде 6 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 13 млрд теңге", - деп нақтылады министр.

 
Оның айтуынша, игерілмеудің ең үлкен сомасы Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау, Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты.
 
Игерілмеудің негізгі себептері, оның ақпараты бойынша: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы; қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсыну; сотта мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарын жүргізу.
 
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,9 трлн теңгені құрады.
 

Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қазанға оларға 1 трлн 525 млрд теңге бөлінген. Оның 99,5%-ы игерілді. Атқарылмағаны – 7 млрд теңге, оның ішінде үнемделгені – 3 млрд теңге, игерілмегені - 4 млрд теңге", - деді спикер.

 
Ол ең көп игерілмегені Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарында болғанын атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны