20.09.2024, 16:21 366

ҚР және ҚХР темір жолдарының басшылары темір жолдарының өткізу қабілетін арттыруды талқылады

ҚР және ҚХР темір жолдарының басшылары темір жолдарының өткізу қабілетін арттыруды талқылады
Сианда (ҚХР) Қазақстан мен Қытай темір жолдары басшылығының жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.  

Екі ел теміржол жүйелерінің өзара іс-қимылы ҚР мен ҚХР экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін стратегиялық болып табылатыны атап өтілді.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді тасымалдау көлемінің тұрақты өсуі байқалады. 2023 жылы тасымалдау көлемі рекордтық 28,3 млн. тоннаға жетті.

Күн тәртібінде ТХКБ бойынша өсіп келе жатқан жүк ағынының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, халықаралық қатынаста ҚТЖ мен Қытай темір жолдары арасында деректер алмасу сапасын арттыру, контейнерлік пойыздардың өтпелі кесте бойынша қауіпсіз және тұрақты жүруін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, алдағы екі жылда ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының өткізу қабілеті мен тасымалдау көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтайтыны атап өтілді.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша екі тарап тасымалдардың тұрақты өсуін одан әрі бірлесіп нығайтуға сенім білдірді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны