02.08.2021, 21:40 10995

Шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 8,4% құрады

НҰР-СҰЛТАН. 2 ТАМЫЗ - Қазақстанда 2021 жылғы шілде айында инфляция 0,7%–ды, жыл басынан бері - 5,3%-ды, жылдық инфляция - 8,4%-ды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
 
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, бір айда (2021 жылғы шілде 2021 жылғы маусымға) баға азық-түлік тауарларына – 0,7%, азық-түлік емес тауарларына – 0,5%, ақылы қызметтерге 0,8% жоғарылады.
 

Бағаның өсуі қырыққабатқа – 12,6%, қызылшаға – 9,1%, басты пиязға – 8,2%, күнбағыс майына – 4,2%, құс етіне – 3%, қарақұмық жармасына – 2,6%, жылқы етіне – 2,5%, қой етіне – 2,4%, сиыр етіне – 2,2%, шошқа етіне, шайға – 2%-дан, жұмыртқаға – 1,3%, құмшекерге – 1%, ұнға 0,9% белгіленді. Темекі өнімдері – 4,1%, минералды және ас су – 1,2%, алкогольды сусындар – 0,8%, салқындатылған сусындар 0,7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 20%, қызанаққа – 14,8%, қиярға – 11,9%, сарымсаққа – 6,8%, банандарға – 2,5%, сәбізге 2,2% тіркелді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 1,7%, құрылыс материалдарына, ыдысқа – 0,9%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,5%, киім және аяқ киімге, жеке қолданылатын тауарларға 0,4%-дан құрады. Баллондағы сүйытылған газ – 2,1%, дизель отыны – 2%, бензин 0,9% қымбаттады.
 

Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 1,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,8%, кешенді демалу ұйымдарға – 0,7%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне, қонақ үйлер қызметтеріне 0,4%-дан жоғарылады. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 9,9%, таксимен 1,2% қымбаттады", - деп жалғастырды баспасөз қызметінде.

 
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 5%, суық суға – 1%, суды бұруға 0,7% жоғарылады. Тұрғын үйді күтіп ұстау үшін төлем 1,5% қымбаттады.
 
Бұған дейін елде күнбағыс майы жылына бірден 60%-ға қымбаттағаны туралы хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны