09.11.2022, 16:33 20181

Смайылов "Қазмұнайгаздың" 94 млн-нан астам жай акциясын иеліктен шығару туралы Қаулыға қол қойды

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Смайылов "Қазмұнайгаздың" 94 млн-нан астам жай акциясын иеліктен шығару туралы Қаулыға қол қойды
Сурет: kmg.kz
Астана. 9 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелестік ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларының жалпы санының 15,42 (он бес бүтін жүзден қырық екі) %-нан аспайтын, компанияның саны 94 109 125 (тоқсан төрт миллион бір жүз тоғыз мың бір жүз жиырма бес) жай акциясын Қордың жалғыз акционерінің шешімімен бекітілетін Қордың директорлар кеңесінің шешімімен айқындалатын баға, сан және құрылым бойынша иеліктен шығарсын", - делінген Премьер-Министрдің сайтында жарияланған Қаулыда.

 
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Бұған дейін "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ұсыныс аясында "ҚазМұнайГаз" АҚ шығарған және орналастырған акцияларының 90,42% тиесілі "Самұрық-Қазына" қоры 30 миллион 505 мың 974 жай акцияны сатуға ұсынуға ниетті екенін, бұл шығарылған және орналастырылған акциялар санының жалпы көлемінің 5%-на дейін құрайтынын айтты.
 

Осылайша, ұсыныстан кейін "Самұрық-Қазына" қорына "ҚМГ" ҰК" АҚ акцияларының кемінде 85% тиесілі болады. Өздеріңіз білетіндей, бізде Қазақстанның Ұлттық Банкі акционері де бар", - деп түсіндірді ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны