08.02.2022, 17:47 12881

Смайылов: кәдеге жарату алымы бойынша мөлшерлемелер қысқартылады

Смайылов: кәдеге жарату алымы бойынша мөлшерлемелер қысқартылады
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - Кәдеге жарату алымы бойынша мөлшерлемелер қысқартылатын болады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
 

Ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасады. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері оларды айтарлықтай азайту жағына қарай қайта қаралуда", - деді Әлихан Смайылов.

 
Үкімет басшысы ағынды суларды ағызу көлемін азайту, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту және табиғи қоқыстардың санын азайту бойынша шаралар жүзеге асырылатынын айтты.
 
Мемлекеттік басқаруды жаңғырту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қайталануын және олардың толық интеграциялануын болдырмау үшін бірыңғай IT платформаға көшу қамтамасыз етіледі және мемлекеттік органдардағы процестер мен рәсімдердің реинжинирингі жүргізіледі.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны