14.07.2022, 15:56 15036

ТМД Электр энергетикалық кеңесінің қатысушылары жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Биыл Smart Grid тұжырымдамасының жобасы әзірленді.
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Елордада Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, сондай-ақ Түрікменстан өкілдерінің қатысуымен ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 60-шы отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кеңесте Қазақстанның атынан Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және "KEGOC" АҚ жүйелік операторының өкілдері қатысты.
 
Өткізілген отырыс шеңберінде орнықты, төмен көміртекті электр энергетикасын дамытуды, ұлттық және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қолдауды ескере отырып, ТМД елдерінің жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ ТМД Электр энергетикалық кеңесі жанындағы Үйлестіру кеңесі енгізген бірқатар құжаттар қаралды.
 

Отырыста Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту мәселелері туралы баяндама жасады, онда төмен көміртекті дамуға көшудің, кейіннен көміртексіз экономикаға айналдырудың маңыздылығын атап өтті және 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуіне бағытталған іс-шаралар туралы айтты", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, Қазақстанның энергетика вице-министрі электр энергетикасы саласын цифрландыруға жағдай жасауға бағытталған жұмыстар туралы айтты.
 

Атап айтқанда, биыл Smart Grid тұжырымдамасының 2030 жылға дейінгі жобасы әзірленді, онда саланы цифрландырудың жалпы бағыттары айқындалған", - деп атап өтті министрлікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны