30.09.2021, 20:58 34803

Тоқаев Путинмен өткен форумда ауыр жүкті тексеру мәселесін көтерді

"Сол тексеру аймағында жүргізушілерді жүктерін түсіруге мәжбүрлейді. Бұл көбінесе тауарлардың бұзылуына әкеп соқтырады. Осыдан кейін тасымалдаушылар көлігінің 2/3 бөлігіне ғана жүк тиеуге мәжбүр болады. Нәтижесінде көліктердің шығыны артып, тауар бағасы өседі".
КӨКШЕТАУ. 30 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекеттерін бақылау-тексеру кешендерімен күшейтуді ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы екі елдің шекарасы арқылы өтетін жүк тасымалдаушылардың мәселелеріне арнайы тоқталды.
 

Қазақстан мен Ресей шекарасында 30 автокөлік бекеті бар. Оның тек бесеуі ғана бақылау-тексеру кешендерімен жабдықталған. Өкінішке қарай, олар сәт сайын істен шығып жатады. Бұл ретте Саратов, Орынбор, Челябинск, Курган, Тюмень және басқа да облыстармен шекарадағы өткізу бекеттері туралы айтып отырмын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Ол Ресейдің Шекара қызметі аталған мәселені қамтамасыз ету үшін көліктердің жүк бөлімдерінде "технологиялық өту" сияқты жаңа талаптар енгізгенін атап өтті.
 

Сол тексеру аймағында жүргізушілерді жүктерін түсіруге мәжбүрлейді. Бұл көбінесе тауарлардың бұзылуына әкеп соқтырады. Осыдан кейін тасымалдаушылар көлігінің 2/3 бөлігіне ғана жүк тиеуге мәжбүр болады. Нәтижесінде көліктердің шығыны артып, тауар бағасы өседі", – деп атап өтті Тоқаев. 

 
Ол, сондай-ақ, Қазақстан қауіпсіздік шараларына, әсіресе Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты толық түсіністікпен қарайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Президент өткізу пункттерін коммерциялық транзит қауіпсіздігі мен жылдамдық мәселелерін шеше алатын заманауи тексеру кешендерімен жабдықтауды ұсынды. 
 
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін форум аясында мультимодальдық тасымалдарды дамыту бойынша бірлескен бағдарлама қабылдауды ұсынды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны