20.09.2024, 16:16 416

Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша транзит 20 есе өсті

Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша транзит 20 есе өсті
Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша транзит 20 есе өсті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

Сианда (ҚХР) Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша Қытай - Еуропа контейнерлік пойызы (Сиань - Алтынкөл - Ақтау - Баку - Поти - Бургас - Белград - Гамбург/Дуйсбург/Будапешт) салтанатты түрде жөнелтілді.

Іс-шараға ҚТЖ, Қытай, Әзірбайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің, Шэньси провинциясының, Сиань қаласының партия комитеті мен үкіметінің басшылығы және т.б. қатысты.

Сиандағы Қазақстан-Қытай терминалында құрылған 55 40 футтық контейнер құрамына жүктелген жүкті Будапештке жеткізеді. Пойыз 8-11 күнде Бакуге дейін шамамен 7 мың шақырымды жүріп өтеді. Ол Будапешттегі соңғы нүктеге 25 күнде жетеді.

Жеткізу мерзімдерін қысқарту және сервисті жаңа деңгейде ұсыну ТХКБ-ның қатысушы елдері теміржол және порт әкімшіліктерінің жемісті ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.

Ағымдағы жылдың 8 айында ТХКБ бойынша транзит 20 есе өсті, маршрут бойынша 200 пойыз жүріп өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны