19.10.2023, 16:36 244346

ҚТЖ бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойды

Кездесулер барысында биыл 10 жылдығы биыл аталып жатқан "Бір белдеу, бір жол" бастамасының негізгі буынына айналған Қазақстанның стратегиялық рөлі ерекше паш етілді
ҚТЖ бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойды
Сурет: gov.kz
ҚТЖ бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" Қорының баспасөз қызметінен.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ делегациясы бірқатар халықаралық іс-шараларға, оның ішінде "Бір белдеу, бір жол" үшінші Халықаралық форумына қатысты.

Қытай темір жолдарының басшыларымен, CRRC, Huawei, "Ляньюньган порты" МК" ЖШҚ және басқа серіктестермен кездесулер өтті. Бірқатар құжаттарға қол қойылды, соның ішінде: қытайлық ең ірі CRRC корпорациясымен локомотивтерді сатып алу туралы негіздемелік келісім және "Ляньюньган порты" МК" ЖШҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім.

Кездесулер барысында биыл 10 жылдығы биыл аталып жатқан "Бір белдеу, бір жол" бастамасының негізгі буынына айналған Қазақстанның стратегиялық рөлі ерекше паш етілді.

Осы онжылдықта Қазақстан мен Қытай арасындағы контейнерлік жүк айналымы 6,5 млн. контейнерден асты, бұл ретте Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы көлемдер 100 еседен астам өсті (2013 жылғы 7,6 мың контейнерден 2022 жылы 790 мың контейнерге дейін).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны