25.02.2025, 15:05 1941

ҚТЖ және Қытайдың ірі құрылыс компаниясы ынтымақтастықты кеңейтуде

2025 жылғы 24 ақпанда Бейжің қаласында China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының басшысы Ван Тунчжоу мырза "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Н. Е. Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

СССС - Қытайдағы ең ірі құрылыс корпорациясы Fortune Global 500 рейтингі бойынша әлемде 63-ші орында, кірісі жылына 130 миллиард доллардан асады.

Тараптар ағымдағы бірлескен жобаларды және одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Анаклия портындағы жобаны жүзеге асыруда, Трансауғандық көлік дәлізін дамытуда және басқа да ірі инфрақұрылымдық көліктік жобаларда ынтымақтастық қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚТЖ және CCCC серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны