25.02.2025, 13:08 5286

Көктемде кезекті халықаралық әуе бағыты іске қосылмақ

Ел тұрғындары мен қонақтары Қазақстан астанасынан тікелей Самарқандқа ұша алады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінен.

2025 жылғы 1 мамырдан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астанадан Самарқандқа жаңа бағыт ашады. Бұл бағыт Түркістан арқылы ыңғайлы транзитпен жүзеге асырылады. Енді жолаушылар әлемнің ең көне қалаларының біріне саяхаттаумен қатар, Қазақстанның рухани әрі тарихи орталығы Түркістанда уақыт өткізе алады.

Астана-Самарқанд әуе рейсі аптасына екі рет әр бейсенбі және жексенбі орындалады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны