04.08.2021, 21:08 13424

Жарты жыл ішінде қазақстандықтар 2,6 млрд қолма-қол ақшасыз операция жүргізді

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 2,5 есе көп.
НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - Қазақстандықтар 2021 жылдың алты айында қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, Жыл басынан бастап қолма-қол ақшасыз операциялар санының жоспарлы өсуі байқалды. Атап айтқанда, маусымда 508 млн операция жасалды, бұл қаңтармен салыстырғанда 1,5 есе көп. Сонымен қатар 2021 жылдың алты айында халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен аударымдарының көлемі 29 трлн теңгеден асты. Бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3 есе асады.
 

Биыл да интернет пен мобильді банкинг үлкен сұраныста болды. Олардың үлесіне барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының 2/3 және олардың көлемінің 83%-ы тиесілі", - деп толықтырды ҚР ҰБ.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны