01.10.2024, 18:12 7696

Жылдық инфляция 2024 жылғы қыркүйекте 8,3% құрады

Тұтыну бағаларының айлық индексі қыркүйекте баяулап 0,4% құрады (2024ж. тамызда - 0,6%). Ақылы қызметтер бағасы 1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6% өссе, азық-түлік бағасының индексі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Qazstat.

Бір айдағы бағаның өсуі: ЖОО-да білім алу - 10,3%, ағаш отын - 2,9%, тас көмір - 2,5%, қияр - 11,9%.

Бір айдағы бағаның төмендеуі: картоп -13,5%, жүзім - 10,3%, пияз - 10%.

Жылдық инфляция 2024 жылғы қыркүйекте 8,3% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 13,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 7,6%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,1% өскен.

Бір жылдағы бағаның өсуі: орталықтан жылыту - 33%, электр қуаты - 23,7%, байланыс қызметтері - 15%,

Бір жылдағы бағаның төмендеуі: Қырыққабат - 26,5%, қарақұмық жармасы - 22,5%, күнбағыс майы - 12,1%.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны