31.08.2021, 20:19 7050

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасында қаза тапқан үш адам анықталды

ТАРАЗ. 31 ТАМЫЗ - Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Барлық қаза тапқандар - Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері:
 
- 1-ші МӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,
 
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1996 ж.т.,
 
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т. 
 
 
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс пен өрт туралы алғашқы ақпарат 26 тамызда түскен болатын. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, "сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды". 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны