02.06.2022, 18:25 17396
Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полиция көлігін қағып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады
Сурет: Бейнеден кадр
Достарға айту
Оқиға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Сондай-ақ, жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысып, тәртіп сақшыларына күш көрсеткен", - деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сот шешімімен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге тарады.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
07.03.2025, 09:15 9011
Атырау облысындағы ұңғымада өрт шықты
Достарға айту
2025 жылдың 6 наурыз күні "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының консервацияда тұрған N437 ұңғымасында перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіруде газ шығуы орын алды, бұл СКҚ істен шығуына әкеліп соқтырды, деп хабарлайды "Ембімұнайгаз" АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Зардап шегушілер жоқ.
ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде.
Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС", "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет жұмыс жасауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 19:23 25281
Хромтаудағы шахтадағы жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті
Достарға айту
Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасының кен өндіру блогында ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануынан төрт қызметкерді әртүрлі дәрежедегі күйік шалды, деп хабарлайды Қазхромның баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін бір қызметкер үйіне қайтарылды. Екі қызметкер стационарлық емделуде, тағы бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр.
Компания зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді. Барлық қызметкер жер бетіне шығарылды.
Инциденттің себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 09:56 32121
Ақтөбеде мұзда қатып қалған жылқы құтқарылды
Достарға айту
Ақтөбеде мұзда қатып қалған жылқы құтқарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Ақтөбе қаласының тұрғындары Елек өзенінің бойындағы кешкі серуендеу кезінде тек басы мұздың үстінде көрініп тұрған жылқыны байқады. Жанашыр куәгерлер құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарласты.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолдың жоқтығына байланысты айтарлықтай қашықтықты жаяу жүріп өтіп, трос арқылы жануарды мұзға көтеруге тырысты, бірақ мұз оның салмағын көтере алмады.
Содан кейін кәсіби құтқарушылар биеге жағаға дейін жол ашуға шешім қабылдады. Үш сағаттық уақытты қажет еткен жұмыс ақталды - жануар құтқарылып, жақын маңдағы шаруашылықтың жылы қорасына орналастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:31 43196
ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты
Достарға айту
ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бүгін Тараз қаласындағы пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт оқиғасы орын алды. От 15 шаршы метр алаңды шарпыды .
Өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, 100 литрлік 15 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өрттің таралуына жол бермей, толығымен сөндірді.
Өрт салдарынан жану өнімдерімен уланған 1972 жылы туған ер адамға Апатттар медицина орталығының мамандары көмек көрсетті. Зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2025, 16:03 76421
Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.
Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.
Әрі қарай Премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2025, 09:39 76691
"Жомарт" кенішіндегі шахта-проходкалау тресінде орын алған төтенше жағдай туралы хабарлайды
Достарға айту
17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінде тау жынысы опырылып түсті, деп хабарлайды компаниның баспасөз қызметінен.
Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйіндінің арғы жағында қалды. Кабельдердің үзілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оған ТЖД-ның 21 қызметкері мен 7 техника бірлігі жұмылдырылған, сондай-ақ "Серіктес" АҚҚ-ның 2 бөлімшесі құтқару жұмыстарына тартылған.
Құтқару операциясының барысы туралы қосымша ақпарат беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 10:04 80451
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты
Достарға айту
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бүгін Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыстарын білдірді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 15:01 95626
Жамбыл облысында жол апатынан полицей қаза тапты
Достарға айту
Жамбыл облысы ПД қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
11 ақпан күні сағат 19:40-та "Алматы-Ташкент" автожолының 203-шақырымында "Volkswagen Passat" маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бері қызмет атқарған, ал қазіргі қызметіне 2025 жылдың 6 ақпанында тағайындалған. Қызмет еткен жылдары ішінде 9 мәрте марапатталған.
Жамбыл облысы Полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.03.2025, 15:06Қазақстанда лифттерді ауыстыру үшін тұрғындарға бюджеттік кредиттер беріледі 13.03.2025, 10:14 12421Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады13.03.2025, 17:25 11021ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі13.03.2025, 17:31 10681Тоқаев Presight.AI басшысымен суперкомпьютер мен Smart City құру мәселесін талқылады13.03.2025, 17:38 10471Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді
07.03.2025, 16:20 134381Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда07.03.2025, 16:15 117921Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 107801Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі07.03.2025, 16:10 106501"Инвестициялық керуен" акциясы бастау алды07.03.2025, 16:12 106496Бас Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот ақтау үкімнің күшін жойды
13.02.2025, 08:03 270261ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261381Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207966Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 169476Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167976Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады