27.12.2022, 12:24 40396

Бұрынғы ҚазҰҚПУ-ның ректоры университет жеріне қатысты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Сотталғандар бөгде тұлғаларға заңсыз ресімдеп, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқан
Бұрынғы ҚазҰҚПУ-ның ректоры университет жеріне қатысты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Сурет: Depositphotos
Астана. 27 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Бұрынғы ректор - "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы мен оның екі сыбайласы университеттің жер учаскелерімен алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор - "Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің" КЕАҚ Басқарма Төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Сол үкіммен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды.

Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді", - деді баспасөз қызметі.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз иеліктен шығарылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1,09 гектары сот шешімі бойынша университеттің меншігіне қайтарылады. Есеп комитеті 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ меншігінде 1 гектар жер телімінің жетіспейтінін анықтады. Бұл жер 2017 жылы әкімдіктің қаулысымен иеліктен шығарылған.

Алматы қаласының әкімдігі қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұза отырып, университеттің жер учаскесінің бір бөлігін иеліктен шығару туралы қаулыларды заңсыз қабылдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны