23.09.2021, 20:45 8451

Алматыдағы бассейнде 11 бала хлор буымен уланды

АЛМАТЫ. 23 ҚЫРКҮЙЕК - Алматыда бассейндердің бірінде балалар хлор буымен уланды.
 
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 23 қыркүйек күні таңертең көмек сұраған.
 

Тамақ жыбырлау және түшкіру шағымы бойынша 11 бала жедел медициналық жәрдем бригадалары көмегімен Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар бассейнде сабақ кезінде хлор буларымен уланған. Балалардың жасы 12-14 жас аралығында. Барлығының жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге жатқызылды", - деп хабарлады ҚДСБ.

 
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
 

Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері оқиға бойынша тергеу жүргізуде, қосымша толығырақ хабарлаймыз", - деді ол.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны