07.03.2023, 12:18 18701

ІІМ: журналистерге шабуыл жасау фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
ІІМ: журналистерге шабуыл жасау фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Depositphotos
Астана. 7 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау ісі бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.
 

Журналистерге жасалған шабуыл фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 22 адам ұсталды. Қазір оның жетеуі қамауда, қалғандарына жасын ескере отырып, қоғамнан оқшаулануға қатысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған іске қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар шабуыл жасау фактілері бойынша процедуралық тұлғалар да бар", - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

 
Оның айтуынша, жәбірленген журналистер істі тергеу барысына қатысады.
 

Әріптестеріңіз бұл процеске қызығушылық танытуда, олар іс процесіне қатысу мәртебесіне ие. Сұрақтарын қойып, белсенді қатыса алады. Сол сияқты белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініш жасай алады. Сондықтан тергеу әрекеттерінің басталуы ғана жүріп жатыр, басқа фактілер мен мән-жайлар пайда болған кезде, біз қолданыстағы іс жүргізу заңнамасы шеңберінде міндетті түрде хабардар етеміз", - дейді министр.

 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы журналист Борейконың операторына тиесілі екі көліктің жарылысын тергеп жатыр. Бұған дейін БАҚ-та Вадим Борейконың пәтерінің есігін белгісіз адамдар монтажды көбікпен толтырғаны туралы хабарланған болатын.
 
Сонымен қатар, Еlmedia басылымының редакциясына бірнеше рет шабуылдар жасалып, қызметкерлерге қауіп төнді.
 
28 ақпанда журналистерге арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталғаны белгілі болды. Қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты - журналистерді қудалауды имитациялау арқылы ҚР Президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау.
 
Шабуылдың ұйымдастырушысы және бастамашысы Клебанов (Маневич) Аркадий де ұсталды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны