20.01.2023, 10:18 28191

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды
Астана. 20 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлады Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.
 
Соттың мәліметінше, 17 қаңтарда күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімі бір айға ұзартылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Мұхамедиұлы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталуда.
 
Тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мәліметінше, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны