06.04.2023, 12:27 25661

Алматыда жалған банкноттарды сатумен айналысқан топ анықталды

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде
Алматы. 6 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
 
ӘҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ҚМА.
 
Бір күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда.
 
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны