23.10.2023, 18:08 35921

Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты жол-көлік оқиғалары көбейді

Демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы орын алды
Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты жол-көлік оқиғалары көбейді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді: температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.

Ауа-райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды. Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді.

Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. Өзара сыйластық пен тәртіп - жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны