12.10.2023, 16:28 69991

Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды

Қайтыс болған 56 жастағы қызметкердің экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскен
Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған 56 жастағы қызметкердің экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскені белгілі болды.
 
Болған оқиғаға қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша (Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары белгіленіп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны