25.04.2022, 18:46 14946

Қаңтар трагедиясы: Бас прокуратура терроризм актілері бойынша 45 істі тергеуде

Қаңтар трагедиясы: Бас прокуратура терроризм актілері бойынша 45 істі тергеуде
Сурет: бейнеден кадр/Алматы-9
НҰР-СҰЛТАН. 25 СӘУІР - Тергеу органдарының іс жүргізуінде 5 041 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілерімен – 45. Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ОКҚ сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған.
 

Шымкент қаласының прокуратурасымен қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдікті сотқа берілді. Бейнежазбада жаппай тәртіпсіздіктердің көрінісі көрсетілген. Қызылорда облысында осы тектес айыппен 7 адамға қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жіберілді", - деді Қилымжанов.

 
Сондай-ақ, ол мұндай істердің сотта қаралу ерекшеліктеріне тоқталды. Күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады. 
 

Сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады және жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды. Бұл рәсім бойынша 3 адамға қатысты үкімдер қабылданып, олар бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалды", - деді спикер.

 
Оның айтуынша, қаңтар оқиғалары бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданып, олармен 243 адам сотталды. Қазіргі уақытта 585 күдікті адамдар қамауда.
 

Бұл адамдар қиратулар, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимараттарына қарулы шабуыл жасауда белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамалған бойынша олардың осы қылмыстарға қатысы бар жөнінде жеткілікті мәліметтер бар", - деп нақтылады Қилымжанов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны