25.08.2023, 19:23 32561

Алматы қаласында ламинат қоймасы өртеніп, қаланы түтін басты

2023 жылғы 25 тамызда сағат 01:36-да ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардағы өрт туралы хабарламаға жіберілді. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде қызыл жалын ангар типті қойманы ашық жалынмен S=295 м2 шарпығанын анықтады. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, көршілес қоймаларды қорғау және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензокескішпен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру жұмыстары ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен қиындады (онда құрылыс материалдары - ламинат толған болатын және т.б.).

Сонымен қатар, өртті сөндіру жоғары электр сымдарының болуына байланысты жеке құрамның электр қуаты соғу қаупімен қиындады.

Аудандық электр станциясынан келген қызметтер нысанды электр қуатынан ажыратты. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жұмыс істеді. Өрт сағат 02:21-де(келген сәттен бастап 37 минут) оқшауланып, таңғы сағат 04:40-та сөндірілді.

Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдарынан 60-тан астам адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге периметр бойымен орнатылған оқпандардың біркелкі берілуі ықпал етті.

Қазіргі уақытта құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны