31.05.2022, 19:52 14076

Алматы метросында пойыздың тоқтау себебі белгілі болды

Алматы метросында пойыздың тоқтау себебі белгілі болды
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 31 МАМЫР - Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 
 "Метрополитен" КМК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Алмалы мен Абай стансалары аралығында пойыздың өрт дабыл жүйесі іске қосылған. 
 

Машинист көрсеткіштердің дұрыс қосылмағанына көз жеткізіп, қосалқы поезды талап етті. Соның көмегімен пойыз Абай стансасына жеткізіліп, кейін электродепоға шығарылды. Қазіргі уақытта жабдық іске қосылды, пойыз жарамды күйде. Техникалық байқау мен сынақтардан өткен соң желіге жіберіледі",- деп атап өтті "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі. 

 
Қозғалыс кестесінің үзілуі 28 минутқа созылды. Сағат 18:00-де пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді. 
 
Бұған дейін Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалғаны туралы жазылған болатын. 
 
Айта кетейік, 30 мамыр күні жаңа "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станциялары іске қосылған болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны