26.02.2021, 21:30 51524

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі қонды

Талдықорған. 26 ақпан. Kazakhstan Today - "Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды. Оқиға Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде болған, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
 
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, ұшақ қозғалтқышының жұмыс істемей қалуы себепті шұғыл түрде жерге қонуға мәжбүр болған. 
 

Оқиға 2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12.26-да болған. Іле ауданының Боралдай кентінде "Боралдай-Кеген" бағытында санитарлық авиация бойынша әуежайдан ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қозғалтқышының жұмыс істемей қалуына байланысты шұғыл жерге қонуға мәжбүр болды", - деп мәлімдеді ресми өкіл. 

 
Ұшақта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы (медиктер) болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 
 
Оқиға орнына ТЖД (7 қызметкер мен 2 бірлік техника), "Боралдай" аэродромы авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандары (15 қызметкер мен 5 бірлік техника) барды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны