07.03.2023, 13:07 28266

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
Алматы облысында қар көшкіні жүрді
Сурет: Instagram/kazselezashita
Алматы. 7 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Есік көліне баратын тас жолдың 13-ші шақырымында қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды.
 
 "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, түскен қардың көлемі - 175 текше метр.
 

Қар массасы аудан орталығынан Есік көліне апаратын жолдың бір бөлігін жауып тастады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қар көшкіні түнде жауған жауын-шашын мен жылымықтың салдарынан өздігінен түсті", - деп хабарлайды "Қазселденқорғай" ММ баспасөз қызметінен.

 
Мамандар қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығуды ұсынбайды, сондай-ақ алдағы күндері тауға шықпауға шақырады.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда Медеу - Шымбұлақ автожолында қар көшкіні болды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны