Алматы полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша 1 481 қылмыстық істі тергеуде
Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау – 1 213, бөтеннің мүлкін қасақана жою – 46, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша 41 іс бар.
Сурет: polisia.kz
Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов атап өткендей, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері 1 481 қылмыстық істі тіркеді.
Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау – 1 213, бөтеннің мүлкін қасақана жою – 46, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша 41 іс бар.
Жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 236 адам ұсталды. Оның ішінде 214-іне қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасына санкция шығарды. Үш күдіктіге қатысты "ешқайда кетпеу және тәртіптілік таныту қолхаты" түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 144 атыс қаруы мен 8 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Наразылық акциялары кезінде қылмыстық элементтермен Алматы қаласының аумағында орналасқан 1 602 объектіге шабуылдар жасалып, дүние-мүліктер талқандалды. Қазіргі уақытта ПД тергеу бөлімшелері бүлінген объектілердің жалпы санының 97%-ын тексеріп шықты. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталу сатысында", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.
Қазақстандағы қаңтар трагедиясының хронологиясы.
Ақпарат көзі: zakon.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.