15.08.2022, 15:21 17726

Алматыда қалалық сот ғимараты қоршалды

Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судьялар мен қызметкерлер эвакуацияланды.
Алматыда қалалық сот ғимараты қоршалды
Сурет: polisia.kz
АЛМАТЫ. 15 ТАМЫЗ - Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судьялар мен қызметкерлер эвакуацияланды.
 
Бұл туралы қалалық сот мәлім етті.
 

Бүгін Алматы қалалық соты кіріс кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жазылған хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимараты тексеріліп жатыр. Сондықтан, сот процестері кейінге шегерілді", - делінген хабарламада.

 
Қазіргі уақытта қалалық соттың ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:СотАлматы

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны