17.01.2022, 16:23 16241

Алматыда тәртіпсіздік пен террористердің шабуылы салдарынан 149 адам қаза тапты

Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бұл туралы брифингте мәлімдеді.
Алматыда тәртіпсіздік пен террористердің шабуылы салдарынан 149 адам қаза тапты
Сурет: facebook-Anatoliy Ivanov-Weisskopf
АЛМАТЫ. 17 ҚАҢТАР - Жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адам қаза тапты.
 
Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бұл туралы брифингте мәлімдеді. 
 
Қазір жаппай тәртіпсіздікке байланысты 400-ден аса қылмыстық іс қозғалып, 249 адам қамауға алынды. Ал прокурор Берік Жүйріктаевтың мәліметінше, лаңкестер 2 мыңнан аса нысанда ойран салған. Оқиға орнынан айғақ заттар, соның ішінде бүлікшілер киген киімдер мен саусақ іздері, бейнежазбалар алынды. Сондай-ақ прокурор 5 қаңтарда шаһарда тек содырлар тобы әрекет еткенін айтты. Антиррорлық оперция әлі жалғасып жатыр.

 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны