21.06.2023, 12:38 25571

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

20 маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы - Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны