26.10.2023, 18:06 63016

Аягөздегі жеке үйлердің бірінде болған өрт сөндіру кезінде төрт баланың денесі табылды

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды
Аягөздегі жеке үйлердің бірінде болған өрт сөндіру кезінде төрт баланың денесі табылды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды.

Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай ЖАО бақылауында.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны